Қоғам

Кембағал жандарды жан-жақты қолдау

Оған қоса, мүмкіндігі шектеулі азамат аудиокітап тыңдауға арналған магнитофонға ие болып отыр. Қала тұрғыны күнделікті тұрмыста аса қажетті заттарға ие болам деп еш ойламапты.

Смағұл Темірбеков – бірінші топтағы мүгедек

– Маған әлеуметтік қызмет мамандары қоңырау шалып, бір құжаттарға қол қою керектігін айтты. Алғашында, сенбей күмәнмен қарадым. Кейін, маған сүйеніп жүруге арналған таяқ пен магнитофон берді.

Бүгіндері өңірімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, өткен жылы ел қазынасы есебінен мүгедектерге арналған 274 арба мен 913 бірлік сурдо-тифлотехника және 200 сандық есту аппараттары сатып алынған. Сондай-ақ, 2014 жылы 586 мүгедек денсаулығын түзету үшін шипажайларға емдеуге жолданыпты. Тағы 842-сі протез-ортопедиялық көмекке жүгінген. Оған қоса, облыс аудандарындағы 1730-дан аса жарымжан жеке гигиеналық заттарға қол жеткізген.

 

 

Бакыт Садуакасов.