Бизнес және экономика

Жеке кәсіпкерлік аудандарда да қарқынды түрде дамуда

Еркебұлан Темірғалиев – “Темірғалиев” ЖК басшысы

– Бұның барлығы ауданымыздың тұрғындары үшін жасалуда. Қалаға барып, ат терлетіп, уақытын кетіргенше, жақын маңнан дәл сол бағаға тауарды алуға болады. Қазіргі таңда біз Ресейлік, Қытайлық, Алматылық фирмалармен әріптестік жасаудамыз. Дүкеннің ішінде спорт, электр тауарлары, тұрмысқа қажетті заттарға арналған бөлімдер бар. Ал болашақта сауда орталығының сөрелерінде ноутбук, ұялы телефондар сатылады.

Жалпы Ғ.Мүсірепов ауданында бүгінгі күні шағын және орта бизнестің 1987 субъектісі бар. Оның ішінде 1390-ы жеке кәсіпкерлер. 2014 жылы Новоишимское селосында “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламаның аясында кәсіпкерлікті дамыту бағытына жалпы сомасы 87,5 млн теңгені құрайтын 40 несие бөлінген.

Алмат Қошанов – Ғ.Мүсірепов ауданының кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі

– Бүгінгі күні ауданымызда шағын бизнестің 971 объектісі тіркелген. Оның 33-і өткен жылы ашылды. Сонымен қатар 2014 жыл “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 жоба мақұлданды. Және де 2014 жылы үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасы аясында бір жоба мақұлданды. Енді, “ПМК-5” ЖШС бетонды және де пенобетонды бұйымдарды шығаратын болады.

Сонымен қатар, аталмыш ауданда 2015 жылы 3 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

 

 

Риат Шони.