Балалар

Жастар жемқорлыққа қарсы

Шыңғыс Қабдолла – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің жектекшісі.

– Елбасымыз жастарға ерекше көңіл бөледі. Жолдауында жастар еліміздің болашағы деп айтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына сіздердің қосатын үлестеріңіз орасан зор болады деп ойлаймын.

Жасыратыны жоқ, қай мемлекетте болмасын сыбайлас жемқорлық мәселесі қазір өткір тұр. Сондықтан олқылықтың алдын алу бүгінгі күннің басты талабы. Яғни індеттің тамырына балта шабу қажет. Бұл ретте өңіріміздің жастары жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс құрып, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментімен меморандумға қол қойды.

Рүстем Есенбергенов – «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ СҚОФ жетекшісі.

– Біздің ойымызша бұл кеңес жастарға, жастар ұйымдарына үлкен көмек көрсетеді. Өйткені осындай кеңестер арқылы жастар өздерінің ойларын атқарушы құзырлы билік органдарына жеткізе алады. Яғни осы болып жатқан жемқорлық факторларының алдын ала алады.

Мадина Темірғали – «СҚО студенттер альянсы» ЖҚБ өкілі.

– Қазіргі кезде жастарымыз осындай жағдайларға кездесіп тұрады. Оқуда болсын, жұмыста болсын. Осыған қарсы ортақ жұмыс істеуге келісіп отырмыз. Осы меморандумнан кейін біз үлкен жұмыстарды атқарамыз. Ол үшін бізге қолдау бар.

Етек жайған жемқорлықтың алдын алуда енді жастар да өз үлестерін қосатын болады.

Джакупов Самат.