Бизнес және экономика

Үздік кәсіпорындар марапатталды

Ерлан Әукенов- СҚО әкімінің орынбасары

– Сіздер өңірдің дамуына үлес қосып жүрсіздер. Жалпы ішкі өнім көлемінің артуына да септесіп келесіздер. Ал осындай байқаулар кәсіпорындардың гүлденуіне жол ашады. Сан түрлі жаңа технологиялар қолданылып, өндіріс жаңарып жатыр. Қазіргі күні жаңғыртудың қажеттігін барлығымз түсінеміз.

«Алтын сапа» байқауында бағын сынағандардың қатарында «Фрегат» ЖШС де бар. Кәсіпорынның ашылғанына 15 жыл болды. Осы уақыт ішінде серіктестік нарықта ойып тұрып өз орнын алған. Бүгіндері кәсіпорын еттен 100-ден астам өнім түрін шығарады.

Роза Қапезова- «Фрегат» ЖШС цех басшысы

– Жылқы етінен деликатестер жасаймыз. Қазы, сүр ет, шұжық. Өнімдеріміз Степногорск, Көкшетау, Қарағанды және облысымызда таралған. Биыл Ресей нарығына шығуды көздеп отырмыз. Қазір қажетті құжаттарды дайындап жатырмыз. «Алтын сапа» байқауына қатыстық. Алған марапатымыз бізге аванс ретінде берілді деп ойлаймын.

«Анисифоров» ЖК үшін бұл «Қазақстанның үздік тауары» көрме- байқауындағы алғашқы жеңісі емес. 2012 жылы да олар байқаудың, нақ осы «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында 2-ші орынға ие болыпты.

Виталий Анисифоров- «Анисифоров» ЖК директоры

-2 жыл бұрын да 2-ші орынға қол жеткізген болатынбыз. Біз үшін ол бір тұрақтылықтың белгісі. Алайда енді алға жылжуға тырысамыз. 1-ші орынан көрінуге ұмтылатын боламыз. Бүгіндері гидроабразивтік кесу әдісі бойынша жаңа өндірісті іске қостық. Енді сол бағытта жұмыс жасауды көздеп отырмыз. Соның арқасында «Экспо» көрмесіне де қатысуды жоспарлап қойдық.

Жиын соңында Ерлан Әукенов кәсіпорындарды әлі де болса белсенділік танытып, жаңа әдістер мен заманауи стандарттарды енгізу қажеттігін ескертті.

 

Магжан Ахмадина.