Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшылар Жаңа жылдық марафонда жеңімпаз атанды

Астана қаласында өткізілетін Жаңа жылдық марафонда жеңімпаз атанды. Аталмыш сайысқа өңір намысын 4 спортшы қорғауға аттанған болатын. 18-45 жас аралығында 128 шақырым қашықтықты 12 сағатта жүгіріп өткен Жамбыл ауданының марафоншысы Әскер Қожанов алтыннан алқа тағынды. Ал тимиряздық Ильдар Халиулин 124,3 шақырымды бағыныдырып күміс жүлдеге ие болды. 6 сағаттық марафонда Ақжар ауданының спортшысы Бауыржан Қалиев жеңімпаз атанса, Дархан Жарқынбаев 4-ші орынға тұрақтады. Жалпы алты сағаттық марафонға 35, ал 12 сағаттықта 15 спортшы қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша Ильдар Халиулин, Әскер Қожанов Қазақстанның атынан үстіміздегі жылдың ақпан айында Мәскеуде өтетін Ресей Кубогында өнер көрсетуге жолдама алды. Онда марафоншыларға 100 шақырым қашықтықты бағындыру қажет. Жаңа жылдық марафонда өнер көрсеткен барлық солтүстікқазақстандық спортшылар “Надежда” әуесқой жүгірушілер клубының мүшелдері.