Салық басқармасы

Алкогольдік өнімдерді саудалайтындар жыл сайын лицензиялық алым ақысын өтейтін болады

Асхат Әбілмәжінов, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының әкімшілік жанама салық бөлімінің бас маманы

– ҚР-ның әкімшілік заңнамасындағы өзгертулер мен толықтыруларға сай этиль спирті мен алкогольдік өнімдерді өңдеу және оны өткізуге қатысты мемлкеттік реттеу
жүргізіледі. Соған сәйкес үстіміздегі жылдың қаңтар айынан ойын бизнесімен айналысатын, алкогольдік өнімдерді сақтап, өткізетін тұлғалардан жыл сайын лицензия алымы алынатын болады.

Алкогольдік өнімдерді көтерме бағамен сататындар жыл сайын ел қазынасына 200 АЕК мөлшерінде салық төлейтін болады. Ал, ішімдіктерді елді-мекендер мен ірі қалаларда бөлшектеп саудалайтындарға АЕК әрқилы белгіленіпті.

Асхат Әбілмәжінов, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының әкімшілік жанама салық бөлімінің бас маманы

– Мысалы: Астанада, облыстық республикалық маңызы бар қалаларда спирттік ішімдіктерді бөлшектеп саудалайтындарға жылына 100 АЕК мөлшеріндегі салық қарастырылған, Ал, аудандық маңызы бар қалаларда ол 70 АЕК, елді-мекендерде 30 АЕК мөлшерінде болады.

Ағымдағы жылға лицензияны қаңтардың 20-сына дейін алып үлгеру қажет. Оған қоса алкогольдік өнімдерді өткізіп, сақтау тәртібін бұзбаған жөн. Өйтпеген жағдайда, шағын бизнес нысандары 150 АЕК, орта бизнес өкілдері 200 АЕК, ал ірі кәсіп иелері 700 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.

Берик Касен.