Бизнес және экономика

2014 жылы СҚО Шетелдік инвесторлармен 80-нен астам меморандум жасасқан

Әрсен Насырханов – СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры.

– Барлық инвесторларға біздің өңірді жарнамалау тиісті деңгейде жүргізілді. Бүгінгі күні көптеген басқа облыстар бізді тек ауыл шаруашылығы саласы ғана дамыған өңір деп санайды. Бірақ бізде машина жасау және индустрия салалары да айтарлықтай дамыған. Еуропа елдерінен бастап, Испания, Бельгия, Италия, Қытай, Сенгапур, Корея, Америка сынды елдердің қалталы азаматары біздің өңірді келіп жобаларымызды көрді.

Облыс орталығында былтырғы жылдың қараша айында өткен «Қызылжар Инвест – 2014» халықаралық форумы аясында бірқатар жобалар мақұлданды. Бастысы айтарлықтай нәтиже бар. Әлеммнің 14 мемлекетінен бас қосқан жиында Солтүстік Қазақстан облысы 80-нен астам келсімшарт жасасқан екен. Соның бірі Финляндияның Сампо компаниясы. Аталмыш кәсіпорын биылғы жылдан бастап Петропавлда комбаин шығаруды жоспарлап отыр. Айта кеткен жөн компания жылына 200 бірлік техника жасайтын болады. Жоба құны 2 миллиард теңгеден асып жығылады. Жалпы өңір үшін бұл сала өткен жылы табысты болды.

Әрсен Насырханов – СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры.

– 2013 жылы егер бізде 14 келесімшарт жасалса, былтыр бұл 87 -ге жетті. 18 инвестор өзінің жобаларын жүзеге асыруға келісті. Енді бұл жұмыстар өз қолымызда.

2015 жылы да инвесторларды тарту жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілмекші. Жоспар айқын енді тек оны жүзеге асыру қажет.

Әрсен Насырханов – СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры.

– 2015 жылы біз «Қызылжар инвест деген форумыды ары қарай жалғастырамыз. Яғни инвесторлармен диолог алоыңын құрып, тағы да келіссөздер жүргіземіз. Сондай-ақ 2016 жылы өтетін Ресей- Қазақстан форумына дайындалып жатырмыз. Бұл үлкен шара болып есептеледі.

Айта кету қажет, 2014 жылы облыста шетелдік инвесторлармен жалпы құны 78 миллиард теңгеден асып жығылатын кесілімшарт жасалыпты.

Джакупов Самат.