Мәдениет

Жерлес әнші Эльвира Нұрғожина жақында “Fiestaloniа” халықаралық байқауына қатысуға шақырту алды

Эльвира Нұрғожина – “FIESTALONIA KAZAKHSTAN” халықаралық байқауының лауреаты

– Өздеріңіз ол әнді тыңдасаңыздар, өте жоғары ноталар бар. Ол жоғары нотаны алудың өзі қиын. Себебі әнші, сахнаға шыққанда бәрін ұмытуы керек.

Енді әнші, алдағы наурыз айында Италия елінде болатын аталмыш конкурсқа тағы да қатыспақшы. Тек, бұл жолы Эльвира шетел сахнасында ән шырқамақ. Сол себептен өнер иесі бүгінде қызу дайындықты бастап кеткен. Әзірге, нақты таңдаған әні жоқ. Дегенмен, шетелдік сахна төрінде қазақ әнін орындау жоспарында бар.

Эльвира Нұрғожина – “FIESTALONIA KAZAKHSTAN” халықаралық байқаудың лауреаты

– Италияға барған соң, оған жақсы ән дайындап апару қажет. Оған жақсы қазақи әнмен барған дұрыс. Себебі мен Қазақстанның атынан барамын ғой. Қазір ізденісте жүрмін.

“Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы” демекші, эстрада-вокалдық жанрда ән шырқап жүрген әншіге бағыт-бағдар беріп, алға жетелеп жүрген Қызылжар аудандық мәдениет үйінің директоры Динара Мырзахметова. Ол осы байқауға кімді жібереміз дегенде, бірден Эльвираны ұсынған.

Динара Мырзахметова – Қызылжар аудандық мәдениет үйінің директоры

– Біз осы байқауға шығармашылық ұжымымызбен ақылдаса келе Эльвираны шешімге келдік. Өйткені ол жоғары білімді. Алматы қаласындағы консерваторияны қызыл дипломмен бітіріп келген.

Айта кеткен жөн, бұл халықаралық байқауда әлем елдерінен барлығы 86 конкурсант өнер көрсетсе, оның ішінде 26-сы қазақстандық әншілер. Кілең мықты орындаушылардың басын қосқан өнер додасында үздіктер қатарынан көрінген Эльвираның, алда өнер сайыстарында әлі талай биік асуларды бағындырарына кәміл сенеміз.

Бакыт Садуакасов