Мәдениет

Жас қаламгер Михаил Гвоздевтың «Я верю» атты кітабының тұсауы кесілді

Михаил Гвоздев – “Я верю” кітабының авторы.

– Бұл кітапта менің 14 жасымнан бастап жаза бастаған өлеңдерім, әңгімелерім басылды. Негізі олардың тақырыбы сан алуан. Отанға деген махаббат, алғашқы махаббатқа да байланысты жырларым бар. Осы жинақты шығаруға көмек көрсеткен азаматтарға ризашылығымды білдіргім келеді. Туындыны «Я верю» деп атадым. Яғни мен алдағы уақытта бәрі жақсы болатынына сенемін.

Михаил Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің журналистика бөлімшесінің түлегі. Осыдан 7 жыл бұрын дертке шалдығып, 1-ші топтағы мүгедек атанған. Енді жазушы осы туындысын сатылымға шығарып, денсаулығын дұрыстауға қаражат жинап алуды мақсат етіп отыр.

Данияр Әбутәліпов – СҚО Жастар бастамалары орталығының директоры.

– Бүгінгі күні Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау бар. Біздің орталық осындай дарынды азаматтарды қолдайды. Яғни Михайилдың кітабын тарату үшін біз көмек көрсететін боламыз.

Айта кету керек, туынды «Северный Казахстан» баспасынан әзірше 100 дана тиражбен басылып шығарылды. Қазіргі таңда оның құны 2000 теңгені құрайды.

 

Джакупов Самат.