Құқық қорғау органдары

Телефон аялақтары

Нұрбек Асылбаев, СҚО ІІД аға жедел уәкілі

– Өткен жылы күндіз “102” номеріне жарылғыш зат қойылған деген хабар келіп түсті. Тексеру барысында ешқандай жарылғыш заттың жоқтығын анықтадық.

Ойыннан от шығады демекші, ер адам бұл қалжыңы үшін қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Дәл осындай қалжыңға 10 жасар оқушы да барған. Ол 2014 жылдың 10 қарашасында еріккеннен кездейсоқ нөмерді теріп, Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінің күлі көкке ұшатынын айтқан. Мұндай жалған хабардан кейін 15 минуттың ішінде 300 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның ішінде зейнеткерлер де бар. Полицейлер жалған ақпарат таратудың арты соқпақты болатынын 5-6-сынып оқшыларына түсіндірді.

Нұргүл Оразалина, Петропавл қалалық ІІБ кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімшенің инспкторы

– Бүгін ата-аналар және оқушылармен әңгімелесу өткізудеміз. Телефон алаяқтарының алдын алу мақсатында.

2014 жылы облыстық ішкі істер органдарына жарылғыш зат қойылды деген жалған 6 хабар келіп түскен. Мұндай ақпарат берген жандар жауапқа тартылды. Оның үшеуі қамауға алынған. Сондықтан да тәртіп сақшылары жалған ақпарат бергендер 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертеді.

Ахметова Бану.