Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Радуга” ЖШС екі өндіріс учаскесі ашылды

Содан соң, өңір басшысы нысанның мүмкіндігін байқады. Жұмысшылар мен де тілдесті. Бүгінгі күні кәсіпорын шығаратын өнімдер ел нарығында жақсы танымал. Енді, тауарлардың түрлері тағы 40 шақтысына артпақ.

Евгений Токушев, “Радуга” ЖШС директорының орынбасары

– Металдан тұрмысқа қажетті заттар жасайтын екінші механикалық цех та іске қосылып отыр. Онда киім үтіктейтін тақтай, кептіргіштер, орындық, үстелдер дайындалмақ. Ел нарығы мен қатар Ресейге де өнімдерді шығармақпыз. Биыл қаңтардың бірінен бастап Еуразиялық экономикалық одақ күшіне енді. Бұл бізге туып отырған үлкен мүмкіндік. Болашаққа жол ашады. Меніңше, кәсіпорнымыз одан әрі дами түспек.

Бұған дейін пакеттер мен киім үтіктейтін тақтай, кептіргіштер көрші Ресейден әкелінетін. Енді, тұрмысқа қажетті заттар өзіміздің солтүстік өңірде шығарылуда. Айта кетеу керек, елімізде мұндай өнімдер жасайтын кәсіпорын осы ғана.

Негізінде қожалық басшысы мемлекет қолдауына жиі жүгінеді. Соңғы 4 жылдың ішінде өндіріс ошағындағы жабдықтар толығымен дерлік жаңасына ауыстырылған. Қажетті қаражатты кәсіпкер “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы арқылы алған. Бұл жолы да қос желі аталған мемлекеттік жоба аясында ашылып отыр. Айта кетеу керек, ҚР “Үдемелі индустириялық-инновациялық даму” бағдарламасының екінші бесжылдығы аясындағы жүзеге асырылып отырған бұл алғашқы жоба.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Елбасы экономикамызды 6 пайызға өсіруге қол жеткізу үшін жылда 10 мың жаңа жұмыс орнын ашу керек деп тапсырды. Осы бағытта біздің облыста қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр деп ойлаймын. Ал, ҚР “Үдемелі индустириялық-инновациялық даму” бағдарламасының екінші бесжылдығын алатын болсақ, өңірде 70-тен астам жоба қарастырылып отыр. Оның инвестициялық көлемі 100 мың теңгеден асады.

Сондай-ақ, облыс әкімі ендігі кезекте, аталған мемлекеттік бағдарламаға аудандардың түгел дерлік қатысатынын айтты.
“Радуга” серіктестігі екі жаңа объектіні іске қосып, 40 жұмыс орнын қамтамасыз етті. Тұрақты напақасын бұдан бұлай Александр Панов та алмақ.

Александр Панов, “Радуга” ЖШС жұмысшысы

– Жабдықтардың бәрі жаңа. Оны іске қосып жатырмыз. Жұмыс жететін. Маған жүктелген міндет – шығарылған өнімдерді жинау.

2015 жылы кәсіпорын 1,5 млрд. теңгенің өнімін өндіруді жоспарлап отыр.

Ахметова Бану.