МТРА жаңалықтары

Бейнелеу және сәнді-қолданбалы өнерден облыстық семинар өтті

Сәкен Бадимов, Антоновка орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі, Айыртау ауданы

– Бұл менің 2-ші семинарым. Алдыңғысында ағаштан түрлі мүсіндер мен естелік сыйлықтарды оюды үйрендім. Қазір сол шеберлік сыныбынан алған білімімді оқушыларыма үйретіп жүрмін. Олар ағаш жонып, астау, кебеже жасауды меңгеріп алды.

Қосымша білім беретін педагогтар шеберлік сыныбында білікті әріптестерінен жеңіл киізден түрлі композициялар жасауды, сондай-ақ, кинусай сынды тың технологияларды үйренді.

Ирина Колодаева, СҚО балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының бөлім жетекшісінің орынбасары

– Осындай семинарды әр жылдың басында Рождестволық мерекеге орайластырып өткіземіз. Бірнеше жыл бұрын көркемөнер лицейінің ұжымымен әріптестік орнаттық. Олар қазір өңір педагогтарына бар білгендерін үйретіп, үнемі жаңа технологияларымен бөлісіп жүр. Бұл шараны біз ұстаздардың жұмысына бір септігін тигізіп, оқушылардың жетісітігі артар деген үмітпен өткізіп тұрамыз.

Шынымен бейнелеу және сәнді-қолданбалы өнерге үнемі жаңа дем беріп, әсіресе қазақы нақыштағы дүниелерге бір табан жақындағанымыз абзал. Сонда ғана қазақтың ұлттық салт-дәстүрі негізін жоғалтпай, оқушылардың оған деген көзқарасы түзу қалыптасады.

Берик Касен.