Құқық қорғау органдары

2014 жылы СҚО-да криминогендік жағдай тұрақты болды

Махаббат Темірбекова, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің СҚО бойынша басқармасының бөлім бастығы

– Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда ауыр қылмыстар деңгейі 29,6% төмендеді. Облыс бойынша қылмыстың көбі бұрынғысынша меншікке қатысты. Солардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау еселеп отыр. Ол бойынша 6766 қылмыс тіркелді.

Бөтеннің мүлкіне қол сұғу фактілері әсіресе тұрғындар саны көп аудандарда орын алған. Мәселен, өткен жылы осы санаттағы қылмыстың көбі, яғни 320-дан астамы М.Жұмабаев, Қызылжар, Тайынша аудандарында және облыс орталығында жасалған.

Махаббат Темірбекова, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің СҚО бойынша басқармасының бөлім бастығы

 

– Адам өлтіруге қатысты қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 6,8 %, алаяқтық 17%, ұрлық 5,4%, тонаушылық пен қарақшылық фактілері 4,8%-ға қысқарғандығы байқалып отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, жылқы жылында мас және есірткілік қозу жағдайында жасалған қылмыстар саны 6,8%-ға төмендепті. Адамды өлтіру фактісі әсіресе, Шал ақын, Ақжар және Аққайың аудандарында айтарлықтай азайғанға ұқсайды.

Берик Касен.