Көлік және жолдар

СҚО-да 5 жыл ішінде 4000 ға жуық шақырым жол жөнделмек

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті.

– Көлік – логистикалық инфроқұрылымдарды дамыту. Ол өңірлердегі хаттар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфроқұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистральді автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырылады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет.

Үстіміздегі жылы Солтүстік Қазақстан облысында 300-ден 700-ге дейін шақырым жол жөнделеді деп жоспарланып отыр. Мұндай қарқынмен жұмыстар жалғасатын болса, алдағы бес жыл ішінде облыста 4000 шақырымға жуық жол қайта қалыпқа келтіріледі. Бұл облыстағы автожолдарының 50 пайызын құрап отыр.

Ғалым Тасболатов – СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы.

– Елбасы өз жолдауында “Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара” деген қағида қалыптасқанын айтты. Осыған орай биылдан бастап республика бойынша жол жөндеу жұмыстарына көп көңіл бөлініп отыр. Биыл облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 6 миллардтан астам қаржы бөлінді. Бұған 300 шақырым жол мек екі көпірге крделі жөндеу жүргізіледі. 2015 жылдан бастап жолдар жаңа технология бойынша жөнделеді. Ол суық ресайкілендіру және топырақты тұрақтандыру технологиясы. Бұл 3-5 есе арзан.

Үстіміздегі жылы атқарылатын шаруаларға 7 миллиард теңгегеден астам қаржы жұмсалады. Оның басым бөлігі жергілікті қазынадан бөлінбек. Ал 2014 жылы өңірде барлығы 200 – шақырымнан астам жол жөнделіпті. Былтыр сондай-ақ 2 жөл өтпесі қалпына келтірілсе, биыл тағы соншасы жаңа кейіпке енетін болады.

Джакупов Самат.