МТРА жаңалықтары

Қаңтар айында ауаның орташа температурасы 15-19 градус шамасында болмақ

Татьяна Марина – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі

– Екінші онкүндікте ауа температурасы біршама төмендеп, түнде 16-21, кей жерлерде 26 градус болса, ал күндіз 15 градусқа дейін суық болмақ. Айдың 2-ші жартысында ауа температурасы одан әрі төмендеп, күндіз 17-22, кей жерлерде 27 градусқа дейін барады деп күтілсе, түнде 30-35 градусқа дейін суытуы ықтимал.

Ал осы айдың үшінші онкүндігінде аяз тіпті қаһарына мініп, күшеймек. Ай соңында сынап бағанасы күндіз 17, түнде түнде 33, кей жерлерде 43 градусқа дейін баруы мүмкін деп болжап отыр синоптик мамандар.

Татьяна Марина – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі

 

– Бұл айдағы жауын-шашынның айлық мөлшері 11-19 мм шамасында болады. Сондай-ақ қаңтар айының ортасында тұман түсіп, кей бөлігінде қатты жел соғады деп күтілуде.

Бакыт Садуакасов.