Қоғам

Петропавлда “Рождестволық қиялдар” атты көрме өтуде

Жібек Жүзенова, СҚО бейнелеу өнері мұражайының қызметкері

– Жылдан жылға үміткерлердің саны артуда және балалардың шығармашылық деңгейі де өсіп жатыр. Біз осы байқау арқылы балалардытолерантылық сезімге баулимыз.

Бүгін қазылар алқасының сынынан өткен шығармалардың ішінен 60-ы үздік деп танылды. Жүлдеге іліккендерге Рождество мерекесі қарсаңында қорапша толы тәттілер, грамота мен бағалы сыйлықтар табысталды. Бәрін айт та бірін айт, осы сында петропавлдық Елизавета Полтавецтің былғарыдан өңделіп жасалған туындысы жұртшылықтың ерекше ілтипатына ие болды. Ол бұл бұйымды дәстүрлі емес стилде жасау үшін 4 күнін жұмсаған. Авторды тың идеяға тәлімгері итермелеген.

Елизавета Полтавец, қалалық 1 гимназияның оқушысы

– Мен қолданбалы өнермен 3 жасымнан айналысамын. Қазір 12 жастамын. Осы уақыт аралығында көптеген жанрлар мен стилдерді араластырып, жаңаша көзқараста туындылар ойлап таптым. Соның бірі осы көрмеге қойылған. Менің қолданбалы өнер бұйымымды қазылар жоғары бағалағанына қуаныштымын. Демек, менің болашағым бар деген сөз.

“Рождестволық қиялдар” көрмесі үстіміздегі айдың 17-сіне дейін жалғаспақ.

Берик Касен.