Балалар

Өңірде республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өтуде

Ал мына сыныпта “медицина және психология” бағыты бойынша талантты балалар зерттеу жұмыстарын коммисия алдында қорғап жатыр. Анжелика Самосенкина “кока-кола” газдалған сусынына тәжірибе жүргізіп, зиянды тұстарының көптігін анықтапты.

Анжелика Семасенкина – байқауға қатысушы, Петропавл қаласы

– Мен өз зертеуімде кока-кола сусынының адам ағзасына кесірі көп екендігіне көз жеткіздім. Аталған сусынға тәжірибе жасадым. Айтар болсам, түйір етті 1 стақан таза ауыз су мен кока-колаға салып, бір тәулікке қойдым. Осыдан байқағаным, кока-колаға салған кесек ет бүлініп кетті.

Жалпы республикалық байқаудың облыстық кезеңінде үміткерлер өз жобалары мен зерттеу жұмыстарын 8 секция бойынша қорғауда.

Айнұр Сүйіндікова – Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының аға әдіскері

– Байқауға қатысушы әр сайыскерге өз жобаларын қорғауға 5-7 минут уақыт беріледі. Қазылар алқасы жоба қорғаушыларын шығармашылық қабілеті, жұмысты орындау шеберлігі мен тақырыптың қаншалықты ашылғандығына қарай баға береді.

Айта кету керек, республикалық байқаудың облыстық кезеңінің 8 секциясында жеңіске жеткен дарындылар өңір намысын ақтық кезеңде қорғамақ.

 

 

Бакыт Садуакасов.