Құқық қорғау органдары

7 қаңтардан жаңа жолда жүру ережелері күшіне енеді

Сергей Приколотов- жүргізуші

– Жарыққа байланысты қабылданған заңмен келісемін. Әрине көліктің шамы жағылса, оны алыстан көруге болады. Ол кішкентай балалар мен қарт адамдарға да белгі беріп тұрады. Ал 12 жасқа дейінгі балалар арнайы автоорындықтарға отыру керек дегені тіптен керек емес. Жарайды ол кішкентай балалар үшін мүмкін керек те шығар. Бірақ 10-11 жасар баланы оған қалай отырғызып қоясың. Тіптен ақылға сыймайды.

Бұл дегеніміз барлық салонда отыратын балаларға автоорындықтар алу қажет деген сөз емес. Тек жүргізуші жанында жайғасатындарға ғана қатысты. Ал машинаның артқы бөлігінде отыратын балғындар арнайы белдіктер тағынуы қажет. Жаңа заң жобасында сенімхаттарға қатысты өзгерістер де еніп отыр.

Сайлаубек Мусин- СҚО ІІД ӘПБ бастығының орынбасары

– 7 қаңтардан бастап сенімхаттар алынып тасталды. Енді жүргізуші өзімен техникалық құжат, жүргізуші куәлігі мен сақтантыру полюсін алып жүрсе болғаны. Мұнымен қоса, бұрындары тек «Тұрақ» деген белгісі бар арнайы орындарда ғана көлікті қою қажет болса, қазір бұл норма алынып тасталды.

Ал полиция қызметкері алда-жалда көлігіңізді тоқтатса, онда тәртіп сақшысының рұқсатынсыз темір тұлпарды тастап кетуге болмайды.

Сайлаубек Мусин- СҚО ІІД ӘПБ бастығының орынбасары

– Инспектор өз кезегінде келіп өзін таныстырып өтуі керек. Қажет болған жағдайда қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті. Кейін азаматты тоқтату себебін түсіндіруі қажет. Ал жүргізуші өз кезегінде, көлігінен инспектордың рұқсаты бойынша ғана шыға алады.

Тәртіпке бағынбаған жүргізушілерге әкімшілік айыппұлдар салынады. Бұл жерде жақсы бір жаңашылдық орын алып отыр. Егер жауапкершілікке тартылғаннан кейінгі 7 күн ішінде жүргізуші өз қателігімен келіссе, онда ол айыппұлдың 50 пайызын ғана өтеу мүмкіндігіне ие болады.

 

Магжан Ахмадина.