Денсаулық сақтау

Жаңа жылдың алғашқы 4 күнінде облыстық перинаталдық орталықта 37 сәби дүние есігін ашты

Алмагүл Сасықбаева, жас ана

– Ата-аналарымыз өте қатты қуанды. Сәбиіміз біз үшін 2014 жылдың ең үздік сыйлығы болды.

Ал, Александра Кузнецова, қой жылының алғашқы күні дүниеге ұл әкеліпті. Жас ана 3 келі 226 грамм болып туған сәбиінің есімін Матвей деп қойыпты.

Александра Кузнецова, жас ана

– Жаңа жыл мерекесі түнде мен үйде болдым. Ертеңіне яғни қаңтардың 1-і аздап мазасыздандым. Жедел жәрдем шақыртып, осында келдім. Дәрігерлер жақсы қарсы алды. Ұлымды сол күні сағат күндізгі 13-40-та босандым.

Жалпы, 2015 жылдың қаңтарының 1-і мен 4-і аралығында облыстық перинаталдық орталықта 37 сәби дүние есігін ашқан. Оның 22 ұл болса, қалғаны қыз. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде дүниеге келген нәрестелердің көбі ер балалар екен. Дәрігерлер сәбилердің денсаулықтары жақсы дейді.

Наталья Салохина, облыстық перинаталдық орталықтың бала туғаннан кейінгі бөлімшесінің аға дәрігері

– Жаңа жыл күні біз әдеттегідей жұмыс істедік. 31 желтоқсан мен 1-ші қаңтарға қараған түні туған сәбилер үйлеріне жіберілді. Аналар ешқандай қиындықсыз балаларын босанды.

Ал, өткен жылдың дәл осы күндері 43 сәби дүние есігін ашыпты.

Ахметова Бану.