Құқық қорғау органдары

СҚО-да үздік криминалисті, анықтаушысы мен тергеушісі анықталды

Сергей Матвеев, СҚО ІІД Жедел криминалистика басқармасының аға криминалисті

– Бұл байқаулардың маған берері көп. Мен осының арқасында қылмыстық істі тергеуде қырағылық танытып, оқиға орнында жедел әрекет етуге машықтандым. Нәтижесінде қазір айғақ заттарды тез тауып, қылмыстық істі зертеуде белсендімін.

Байқаудың 1-ші кезеңінде тергеушілер мен анықтаушылар ҚР-ның заңнамасы мен мемлекеттік тілге байланысты тапсырмаларды орындады. Кейін құқық қорғаушылар өздерінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін ішкі істер департаментінің криминалистік полигонында сынады.

Айтжан Биюнова, СҚО ІІД анықтау басқармасы бастығының орынбасары

– Бұл сайыста тәртіп сақшыларының ҚР-сы заңын білуі, қызметтік бабы, мемлекеттік тілді игеруі тексеріледі. Сондай-ақ олар тапаншадан атып, мергендігін танытады. Және қиын жағдайлардан сытылып шығуы қажет.

Үш кезеңдік байқаудың қорытындысы бойынша үздіктер қатыранан Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Мұрат Қамбаров, Аққайың аудандық ішкі істер бөлімінің анықтаушысы Данияр Сұрағанов көрінді. Ал, Петропавл қалалық ІІБ-нің аға криминалисті Марат Мусин үздік криминалист атанды. Жүлделі орындарға іліккендер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Енді олар ақпан айында ІІМ-нің республикалық сайысында бақ сынамақ.

Берик Касен.