Спорт

“Мен чемпионмын” телевизиялық жобасының 2-ші кезеңі басталды

Бұл сайыста алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен 36 команда өз араларында мықтыны анықтамақ. Солардың 12-сі дәл бүгін бір-бірімен сайысқа түсуде.

Қанат Сәдуақас – дене шынықтыру және алғашқы әскери даярлық оқу-әдістемелік орталығының директоры

– Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 131 команда 2-ші кезеңге шыққан болатын. Сол 131 команданың әр ауданнан бір-бір командадан және қаладан 3 топқа бөлінген аймақтық жеңімпаздары барлығы 16 команда финалдық ойындарға шығады. Бүгін қазақ мектеп-гимназиясында өткізіліп жатыр.12 команда ойнауда.

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, екі құрама ойыншылары да намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Оларды қолдап-жігерлендіруге келген жанкүйерлердің де қатары қалың.

Жалпы сайыскерлер барлығы 6 түрлі кедергілерден өтулері тиіс болатын.

Жандос Базарбаев – қазақ мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі

– Бірінші секіртпемен секіреді, сосын көпірдің астынан өтеді. Скейтке жатып, скейтпен сырғанайды. Содан кейін үлкен допқа отырып, сонымен секіреді. Екінші кезеңде самокатпен айналады. Үшінші кезеңде хоккей клюшкасымен допты айналып өтіп жүреді.

“Мен чемпионмын” балалар ойынының 2 кезеңінің нәтижесі бойынша 37-де 33-ұпайымен 16 орталау мектебі жеңіс төрінен көрінді.

 

 

Бакыт Садуакасов.