Білім

2014 жылы СҚО-да 23 шағын комплектілі мектеп жабылды

Валентина Черных – СҚО білім басқармасының бөлім басшысы.

Жазғы демалыс уақытында облыстағы 33 білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 27-і жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша қалыпқа келтірілді. Яғни 9 мектептің шатыры ауыстырылып, 8-нің жылу жүйесі жөнделді. 14-не кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 6 нысан қалалық қазынаның қаржысына жөнделді. Мұнымен қоса, барлық мектептер отын-көмірмен 100 пайыз қамтылды. Бұл мақсатқа 700 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды.

Уақыт өткен сайын мектептердің материалдық-техникалық базасы нығаюда. Бүгінгі күні облыстағы білім ошақтарының 54 пайызы соңғы үлгідегі қондырғылармен жарақтандырылған. Айта кеткен жөн, тек 2014 жылы өңірде республикалық қаражатқа 35 химия пәні кабинеттері жасақталған. Мұнымен қоса бүгінгі күні 95 мекеме электронды оқыту жүйесіне қосылған. Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша облыстағы орташа балл 77,8-пайызды құрап отыр.

Валентина Черных – СҚО білім басқармасының бөлім басшысы.

Былтыр облыста 4058 түлектің 63-і ұлттық біріңғай тестілеуден босатылды. Себебі бұлар түрлі халықаралық байқаулардың жеңімпаздары болатын. Олар мектепте арнайы емтихан тапсырды. Жалпы бұл сында Қазақ-түрік лицейі, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-гимназиясы, нөмір бірінші жалпы білім беретін лицей, БЭСТ гимназиясы және Есіл ауданының Ниолаевка орта мектептері жақсы көрсеткішке қол жеткізді.

Өткен жылы теріскейде 23 шағын жинақталған мектеп жабылған екен. Жалпы 2014 жылы облыс 465 маманмен толықты. Оның 321-і ауылды жерлерге жұмысқа жіберілді. Осылайша өңірде аталмыш салада бүгінгі күні 12 мыңға жуық педагог еңбек етуде. Олардың 49,7 пайызы жоғары санаттағылар.

Джакупов Самат.