МТРА жаңалықтары

Жылқы жылы мәдениет саласы үшін табысты болды

Роза Рымбаева – ҚР халық әртісі.

– Жыл сайынсіздерге асығамын. Сіздерлеріңіздің оркестрлеріңізбен жанды дауыста ән шырқау дәстүрге айналды.

Мәдениет саласындағы ең басты жаңалық, алғаш рет өткізілген Сегіз сері атындағы “Гауһар тас” республикалық фестивальі болды. Еліміздің түкпір – түкпірінен келген 400-ге жуық әртіс сахна төрінде атақты серінің әндерімен күйлерін орындап, жерлестерімізді бір марқайтты. Екі күнге созылған кеште 100-ге тарта туынды орындалды.

Баянғали Әлімжанов – ҚР қоғам қайраткері, ақын-драматург.

– Сегі сері біздің халқымыздың аңызына айналған адам. Оны халқымыз аңыздық тұлғаға айналдырған. Ол, сонай тарихи оқиғалардың ортасында жүріп, үлкен өнер тудырып, жан-жақты жетілген адамның көрінісі.

Желтоқсан айында Қызылжарлық көрермендерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы «Тығырықтан жол тапқан» атты фильм көрсетілді. Бұл «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі болатын. Айта кету керек тұсаукесерге киноны түсірген топтың өкілдері де келді.

Рүстем Әбдірашев – «Көшбасшы жолы: Тығырықтан жол тапқан» фильмінің қоюшы режиссері.

– Ашуға енді тырыстық. 100 пайыз аштық деп айта алмаймын. Өйткені, Елбасысымыз сегіз қырлы, бір сырлы адам ғой. Әлі де оның сырлары талай. Келесі серияларда оның сол сырларын ашуға тырысамыз деп ойлаймын. Барлық сырларын бір серияда ашып тастау мүмкін емес. Өйткені, ол – үлкен тұлға ғой.

Уақыт өткен сайын мәдениет саласы жандануда. Себебі бұл бағытқа бөлінетін қаржы жыл санап артып келеді.

Тұрсын Молдахметова – СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы.

– 2014 жылы мәдениет саласына 2 млрд 200 миллион теңге қаражат бөлінді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 19 мәдени мекеме ашылды. Жыл сайын материалдық-техникалық база нығайып келеді.

Мәдениет саласы үшін 2015 жыл да ауқымды. Алдағы жоспар бекітілген. Енді оны жүзеге асыру қажет.

Тұрсын Молдахметова – СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы.

– 2015 жылға қойылған мақсаттарымыз ауқымды. Үлкен іс шараларды өткізуіміз керек. Яғни жеңістің 70 жылдығы, ҚР конституциясының 20 жылдығы, ассамблеяның 20 жылдығ ы және Қазақ хандығының 550 жылдығын өткізу жоспарланып отыр. Мәдениет басқармасы осы іс шараларды өткізуге жауапты.

Айта кету керек бүгінгі күні өңірде мәдениет саласында 2000-нан астам маман еңбек етеді.

Джакупов Самат.