Аптадағы маңызды жаңалықтар

Солтүстікқазақстандықтардың 2014 жылғы жетістіктері орасан

Нұрсұлтан Назарбаев

– В целинном земледелии мы достигли хороших успехов. Мастерство у людей поднялось, посмотрите чисты поля приятно смотреть, новые технологии внедряете. Надо всем думать как поднять урожайность полей.

Алайда, ауа райының бұлайша қырық құбылып, бірқатар шаруалардың шетінен шығынға бататынын ешкім болжай алған жоқ. Жаз бойына, кейін күзде толассыз жауған жауын-шашынның арты қарға ұласып, облыста күзгі орақ қарашаның қара суығына дейін жалғасты.

Десе де, облыстағы серіктестіктердің дені қара суыққа қарамастан орақты қалың қар түскенше доғармады. Абырой болғанда нәтиже жаман емес.

Ерік Сұлтанов

– Биыл 5 млн. тоннадан астам өнім жинадық. 97 пайыз деп есеп бердік. Бірақ қар астында қалғаны да бар.

Ал мынау – облыстағы ең ірі элеватор. Нысан сағатына 600 тонна астық қабылдай алады. 2 жылдың ішінде оның құрылысына 8 млрд теңге бағытталды. Еліміздегі бірегей элеватор инновациялық технологиялармен жарақталған. Өзгелеріне қарағанда мұнда электр қуаты 3-4 есе азырақ пайдаланылады.
Жылқы жылы мал шаруашылығы үшін құтты жыл болды. Биыл, облыстағы агроқұрылымдар ірі қара, тіпті ұсақ малдың басын еселеп алды. Ірі қара мал басының саны 4,6 пайызға, жылқы басы 7 пайызға ал қой мен ешкі саны бірден 14 пайызға артты.

Биыл “Ірі қар мал етінің экпорттық әлеуетін дамыту” бағдарламасы бойынша өңірде 17 мың бас сиыр сатып алынды. 2 асыл тұқымды мал өсірілетін репродуктор құрылды. “Сыбага” бағдарламасы аясында “Аграрлық несиелік корпорация” арқылы 2329 сиыр алынған. “Құлан” бойынша 482 бас жылқы, ал “Алтын асық” аясында 4 мыңнан астам қой сатып алынды. “Ырыс” бағдарламасы бойынша тағы 133 басқа сүт тауарлық ферма іске қосылды.

2014 жыл тарихта инвестициялық тартымдылық жылы ретінде жазылып қалмақ. Өңірге қалталы кәсіпкерлерді тарту үшін қарашаның 28-інде инвесторлар форумы ұйымдыстырылды. Алқалы жиынға отандық және шетелдік компаниялардың, холдингтердің, мемлекеттік органдары мен қаржы институттарының 800-ге тарта өкілі келді. Халықаралық шараның нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай.

– 9 панельдік сессияның отырысы өтті. Нәтиже бар. 50 млрд теңгеге келісімдер жасалды.

Биыл солтүстікқазақстандықтар 2 мәрте Ұлт көшбасшысының қатысуымен өткен телекөпірге қатысты. Шілде айында “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ-ның жаңа цехі іске қосылды. Жергілікті өндіріс ошағы индустриаландыру картасы аясында энергетикалық қазандық қондырғыларын жасауды қолға алды.

Нұрсұлтан Назарбаев

– Запускайте, очень важное предприятие для области!

Болашағы зор жобаның құны 700 млн. теңгені құрады. Аталмыш зауыт энергетикалық компанияларды қазандық және оған қажетті құрылғылармен қамтамасыз ететін бірегей кәсіпорынға айналмақ.

Николай Васильев- «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоының даму жөніндегі орынбасары

– Біз ендігі жерде қазіргі күні тапшы қазандық және оған қажетті құрылғылармен еліміздің барлық ірі кәсіпорындарын қамтымақпыз. Бүгіндері республика бойынша 19 мың мегаватт энергия өндіретін 63 көмір электростанциясы бар. Сондықтан мұндай қондырғыларды шығаруға деген қажеттілік өте зор.

Биыл Есіл ауданындағы Бұлақ ауылының іргесінен алтын кеніштерін өндіру басталатыны белгілі болды. Жылдың соңында-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кезекті жалпыұлттық телекөпір барысында маңызды өндіріс ошағы іске қосылды.

Павел Джулай – «Әулие Голд Майнинг» ЖШС директоры.

– Мен, Павел Джулай, ресейлік инвестормын. Солтүстік Қазақстан облысында алтын өндіруді бастағалы тұрмын. Бұл облыстағы түсті металлургия өңдеуді жаңа деңгейге шығарады.

Алтын өндірісінің алғашқы кезеңі 5 жылға жоспарланған. Жалпы бес жыл ішінде таза 2 тонна алтын алынбақшы. Жаңа кәсіпорын ашылысымен 250 адам екі қолға бір күрек тапты.

Сейітжан Әбілин – «Әулие Голд Майнинг» ЖШС қызметкері.

– Ауылымызда үлкен кәсіпорын іске қосылып жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Біздерді Степногрск қаласына оқуға жіберіп, концентратшы мамандығын алып, сол бойынша жұмыс істейміз. Бұл кәсіпорынның ауылға көп көмегі тиіп жатыр. Жол мәселесі қиындық туғызытан, қазір ол күн сайын қардан тазаланатан болды.

Биыл елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бесжылдығы аяқталады. Бұл ретте 2010-2014 жылдар аралығында республикада 770 жоба іске асқан. Нәтижесінде 75 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Өңірде индустрияландыру картасының бірінші бес жылдығына 31 жоба енген. Соның бірі осы «Әулие Гол Майнинг» компаниясы. Жаз айында қолға алынып, желтоқсан айында іске қосып жатырмыз. Инвестиция көлемі 2,7 миллиард теңге. Келесі екінші бес жылдыққа біз 70-тен астам жобаны қарастырып жатырмыз. Оның құны үш есеге артық. Яғни 100 миллардтан асады.

Биыл “Петропавл халықаралық әуежайын” қалпына келтіруге 6,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Әуежайдың жұтаң ғимараты, ескірген ұшу жолақтары күрделі жөндеуді талап етеді. Күту залы, демалыс орны мен асхана жұмыс істемейді. Ғимарат маңайын да абаттандыру қажет. Бірінші кезекте, кәсіпорынның еңбекақы бойынша 30 млн теңге берешегі толығымен өтелді. Енді 2015 жылдан әуежайды қалпына келтіру жұмыстары басталады деп жоспарлануда.
Биыл облыстық және аудандық жолдарға 6 млрд. 102 млн. теңге қаражат бөлiндi. Биыл, облыс әкімінің бастамасымен облыста жол жөндеуде жаңа технологиялар іске жаратылып, тәжірибеден өтті. Аталған әдістер жол жөндеуге кететін шығындарды 30 пайызға қысқартады, ал сапасы керісінше, осыған дейінгісінен біршама жоғары.

Жалпы, 2014 жыл құрылыс нысандарына да кенде болған жоқ. Үстіміздегі жылы Петропавлдың өзінде 366 пәтерлік 8 бірдей көпқабатты баспана қолданысқа берілді.

Баспанадан бөлек, биыл облыста 4 бірдей емдеу мекемесі халық игілігіне тапсырылды. Бұлар – “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы бойынша құрылыстары 2012 жылы басталған емханалар. Наурызда М. Жұмабаев ауданындағы, ал желтоқсанда Аққайың, Есіл және Шал ақын аудандарындағы су жаңа нысандардың көк таспасы қиылды.

Сәуле Қабышева, Аққайың ауданының орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы

– Емдеу мекемесінің құрылысына ел қазынасынан 1млрд.100 млн.теңге жұмсалды. Ал, маммограф, рентген тағыда басқа медициналық аппараттарды сатып алу үшін республикалық бюджеттен 500 млн.теңге бағытталған. Аталған жабдықтар жетілдіріліген әрі оларға соңғы үлгідегі сандық жүйе орнатылды.

Тайынша ауданының Келлеровка елді-мекенінің маңында жол бойындағы медициналық құтқару бекеті пайда болды. Қосын жол көлік оқиғасынан зардап шеккендерге жедел көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне шұғыл жеткізуге арналған құтқарушы және арнайы медициналық құрылғымен жабдықталған.

Сонымен қатар, Петропавлда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бой көтерді. 2014 жылдың маусымында, облыс орталығында алып спорт сарайының құрылысы бастау алды. Онда хоккей корты мен гимнастика, күрес, бокс сынды спорт түрлеріне арналған залдар жасақталмақ.

Азамат Анафин – учаске жетекшісі, “Вилена” ЖШС қызметкері, Астана қаласы

– Ғимараттың 1 қабатында 1000 адамға шақталған орны бар хоккей корды салынады. Оның аумағы 2,5 шаршы метрді құрайды. Хоккей корды халықаралық стандарттарға сай, түрлі жарыстар өткізуге болады. Ал, 2-ші қабатында жеңіл атлетикалық манеж бен әкімшілік корпустар орналасады. Жалпы спорт кешені 4 блоктан тұрады.

Спорт кешені келер жылдың жазында қолданысқа беріледі. Жоба құны 3,6 млрд тенгедан асып жығылады.
2014 жылы 15 бірдей футбол алаңы жасақталды. Ескі жылға айтар өкпеміз жоқ. Тек 2015 жылы бұл толағай табыстарымыз еселеу міндеті тұр.

 

Шохтыбаева Гульмира.