Қоғам

«Парыз-2014» байқауында «Ахмутдинов» ЖК Алтын жүлдегер атанды

Сермұхамед Оралұлы – «Ахмутдинов» ЖК директоры, Қызылжар ауданы.

– Осындай марапат алғанымызға шексіз қуаныштымыз. Елбасының қолын ұстап, ол кісі бізге өзінің ризашылығын білдіріп, солтүстік қазақстанға сәлем айта бар дегеннің өзі бізге үлкен дәреже. Елбасына осы бизнес саласын көтеріп жатқанына мың да бір рахмет айтамыз.

«Ахмутдинов» жеке кәсіпкерлігі нарықта 11 жыл. Яғни ол 2003 жылы құрылды. Бүгінгі күні мұнда 75 адам қызмет етеді. Уақыт өткен сайын шарушашылық тамырын тереңге жаюда. Яғни қазіргі таңда қожалық ағаштан 52-ден астам өнім түрін шығарады. Келер жылдың бірінші жарты жылдығында басшылық еуро отын жасайтын арнайы зауытты іске қосуды жоспарлап отыр.

Сермұхамед Оралұлы – «Ахмутдинов» ЖК директоры, Қызылжар ауданы.
– Қазақстанда пелет шығаратын бірде – бір зауыт жоқ. Ресей және Германия елдерінен қондырғылар әкелеміз. Ьүгінгі күні келісім-шарт жасап қойдық. Пелет дегеніміз не? Басқаша айтқанда евро отын. Жылулығы қара көмірге тура келеді. Халық жақсы пайдаланады деген ойдамын. Ол неден шығарыды? Ол ағаш қалдықтарынан жасалынады. Осылайша біздің кәсіпорын толықтай қалдықсыз өндіріске көшетін болады.

Айта кету керек Елбасының «Парыз» байқауына 7 жыл ішінде 2,5 мыңнан астам шағын, орта және ірі кәсіпорын қатысқан екен.

Джакупов Самат.