МТРА жаңалықтары

2014 жылы ерекшеленген кәсіпорындар

Самғат Ермекбаев, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы

– Жалпы 2010-2014 жж аралығында “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасына 5,2 млрд теңге бөлінген болатын. Соның 2014 жылға бөлінген қаражат саны 1 млн теңге шамасында. Бұл бөлінген қаражат игерілді.

Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Радуга” серіктестігі мемлекеттің қолдауына жиі жүгінеді. Соңғы 4 жылда кәсіпорындағы жабдықтар толығымен дерлік жаңасына айырбасталыпты. Бұған кеткен қаражатты кәсіпкер “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасы арқылы алған. Өнідіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, екі қолға бір күрек іздеп жүрген 20 азаматты тұрақты еңбекпен қамтыған. Сөйтіп, бүгінгі күні мұнда 100-ден аса адам тұрақты напақасын алып жүр. Олар 4 аусым бойынша еңбек етеді. Жұмысшылардың орташа жалақысы 100 мың теңгені құрайды.

Евгений Ли, “Радуга” ЖШС шебері, Қызылжар ауданы

– Бұл цехта қоқыс салатын пакет, полителендік құбыр дайындалады. Мұндағы станогтың барлығы жаңа. Мәселен тәулігіне 100 мың дана макет шығарамыз. Бір айда біз Қазастанның барлық облыстарын пакеттермен қамтамасыз ете аламыз. Негізі біздің еңбектенуімізге барлық жағдай бар. Жалақымызды да уақытылы алып отырамыз.

Серіктестік қоқыс салатын пакеттер мен пластмассадан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың 60 түрін шығарады. Бұған қажетті шикізатты Ресейден алады. Және өздері полителен пакеттерін қайта өңдеу арқылы өнімдерін жасайды.

Алексей Москвин, “Радуга” ЖШС цех шебері

 

– Бастапқыда 1-2 ғана линиямен жұмыс істедік. Қазір олардың саны артып, өніміміздің қуаттылығы 4 есеге көбейді. Барлығы автоматтандырылған. Бұл цехта тәулігіне 4 тонна шикізат өндіріледі. Дайын түйршіктерден өнімдер шығарамыз.

Серіктестіктің бүгінгі күні елімізде 11 филиалы бар. Мұндағы өнімдерді тек қазақстандықтар ғана емес, көршілес Ресейде тұтынады. Биылғы жылы 600-700 млн теңгенің өнімі саудаланған. Оның 300 тоннасы экспортталған. Былтырғы жылы сатылған тауар құны 200 млн теңгені ғана құрапты.

Евгений Токушев, “Радуга” ЖШС директорының орынбасары

– Биылғы жылы біз пластмассадан шаруашылыққа қажетті заттардың 50 шақты түрін шығардық. Атап айтсақ, шелек, леген, биодәретхана, күрек, ілгіштер. Және биыл жаңа 2 цех салдық. Бірінде қоқыс салатын пакет пен маечка дайындалса, екіншісінде шаруашылыққа қажетті металлдан жасалған бұйымдар шығарылады. Шикізатты өңдейтін линиямыз біреу болған. Биыл екіншісін сатып алдық. Мемлекет тарапынан үлкен қолдауды сезініп отырмыз.  

Серіктестік тамақ өнімдерін де шығарады. Ұн, шекілдеуік, попкорн тағы да басқалар. Кәсіпорын басшылығының алдағы жоспарлары ауқымды. Шығарылатын өнім түрлерін арттырып, жұмыссыз жүрген азаматтардың біразын еңбекпен қамтуды көздеуде.
Ал, өңіріміздегі ірі кәсіпорындарының бірі – “Мұнаймаш” АҚ соңғы он жылда мұнай-газ секторына қажетті жабдықтарды жасауға бағыт алған. Жылына мұнда 7 мың 500 ұңғымалы мұнай сорғысы шығарылады. Биыл зауыттықтар 3,5 млрд. теңгеден астам сомаға мұнай құрылғыларын өндірсе, Ресейге 50 млн теңгенің өнімін эскпорттаған. Сөйтіп, өндіріс көлемін былтырғыға қарағанда 5 пайызға арттырған. Және кәсіпорын шетелдің бірнеше компанияларымен қоян-қолтық жұмыс істейді. Алдағы уақытта кәсіпорын басшылығы өндіріс көлемін 400 млн теңгеге жеткізуді көздеуде.

Сергей Литвинов, “Мұнаймаш” АҚ техникалық директоры

– Биыл кәсіпорын екі тауар түрін шығаруды меңгерді. Ол мұнай-газ ұңғымасын жуып-шаю және жылыту кешені деп аталады. Бұл ұңғымалы насостардың жұмысын арттырып, сапаландыра алады. Негізінде ұзақ мерзімді келісім-шарт аясында шығарылуда. 3 жылға шамамен 250 млн теңгеге келісімшарт жасалды.

Негізі облысымызда жыл санап кәсіпорындардың қатары артып келеді. Сатистикаға сүйенсек 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін 9530 заңды тұлғаның өндіріс орыны тіркеліпті.
Осылайша, өңіріміздегі кәсіпорындар жылан жылындағы жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ал, 2015 жылға қойылған мақсаттардың орындалуы уақыт еншісінде.

 

Ахметова Бану.