Спорт

2014 жылғы спорттағы табыстарымыз

Назгүл Маратова – самбодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

– Ақтық сында мен украин қызымен шықтым. Оның салмағы менен үлкен болды. Бірақ, намысымды бермей, өзім жеңуге деген ынтамен таза жеңіске жеттім.

10-13 шілде аралығы Петч қаласы. Тап осы аралықта Болгарияда студенттер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өткен. Талай палуандар дүниеге келген теріскей жерінен еліміздің намысын қорғауға Ақан Баймағамбетов аттанған болатын. Бағы мен бабы қатар шапқан жарыста жерлесіміз 59 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды. Әлем біріншілігінен күміспен оралған тағы бір мақтан тұтар жерлесіміз бар. Бірақ бұл жолы күрестен емес акробатикадан. 12 жасар Виталий Делльдің Америка Құрама Штаттарының Дайтонэ-Бич қаласында өткен акробатикадан Әлем чемпионатында жұлдызы жанып, американдықтардың елінде күміс медальді асынды. Ал саясат пен спортты қатар алып жүрген Владимир Эрман үстіміздегі жылы маусымның 26 мен 30 аралығында Щецине қаласында өткен мүгедек спортшылар арасында жүзуден Польшаның ашық чемпионатында еліміздің әнұранын екі мәрте шырқатты. Польша елінде өткен турнирде кембағал жан брасс әдісімен 50 және де 100 метрлікте топ жарып, алтын медальға ие болды. Бұған қоса бокстанда табысымыз аз емес. Кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов осы күзде шаршы алаңда екі кездесу өткізіп, қос жекпе-жекте жеңіске жетті. Сөйтіп, жерлесіміз WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткерлердің рейтингісінде көш бастады.

Жанат Жақиянов – кәсіпқой бокстан WBC нұсқасы бойынша Европа чемпионы

– Мен Австралияда филиппиндік спортшымен бокстастым. Оны нокаутқа жіберіп, жеңіске жеттім. Оған дейін Белоруссияда Гаги Эдишерашвилимен кездестім. Оны да нокаутқа жібердім.

2014 жылы спортшыларымыздың қол жеткізген табыстары аз емес. Бірақта әлі де болса арттыру қажет.

– Сонымен қатар облыс орталығында теңбіл допты құмартақан жасөпірімдерге арнап облыс әкімінің тапсырмасымен 15 шағын футбол алаңдары тұрғызылды. Ал Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Новоишимка селосында құны 100 млн теңге тұратын жаңа бассейн салынды. Оған қоса 2015 жылы СҚО-ың шайбалы хоккей командасы құрылмақ. Енді келер қой жылы толағайларымыздың жарқын жеңістері молынан болады деп кәміл сенеміз.

Риат Шони.