Қоғам

Жаңажылдық тағам

Бірақ, “Хан аулы” мейрамханасының аспазшылары бұның бір амалын тапқан сияқты. Өз ісінің білікті маманы Самал Жұмалина екі ет түрін үйлестіре отырып, пісуіне шамалы ғана уақыт кететін тамаша тағам әзірлеудің оңай жолын ұсынды. Жаңа жыл қарсаңында базардағы баға айрықша шарықтап кететінін ескерсек, бұл тағамға жұмсалатын азық-түлік те көп емес.

Ең алдымен, сиырдың 150 грамм кесек етін екі жағынан ұрғылап алып, тұз бен бұрышын қосын, май жағып, жұқалтыр төселген шағын табаға салу қажет. Одан кейін қыша, майонез жағып, кейін жұқалап кесілген маринадталған “горбуша”, яғни құныс балығының етін орналастыру керек. Оның үстіне қызанақты турап салып, тағы да шамалы майонез жағу қажет. Бұдан соң ірімшікті ұсақ үккіштен өткізіп, 20-25 минутқа 180 градусқа дейін қыздырылған пешке қойылады. Әзірге, ыстық тағам әзір болғанша, тиісті көкөніс түрлерін майға 7 минуттай қуырып аламыз.

Самал Жұмалина – мейрамхананың бас аспазшысы.

-Бірінші, адам көзімен жейді ғой. “Аппетит” дегендей. Міне, мынадай, черри помидоры бар. Екеуін былай жанына, “жасылдың” үстіне қоя салсақ, әдемі болады.

Жаңажылдық дастарқанға мұндай тағамды қоюдың реті бар. Жылдам әзірленеді, жеңіл әрі пайдалы. Мәселен, “горбушаны”, яғни құныс балықты іздеудің қажеті жоқ. Ол кез келген балық дүкенінде сатылуы тиіс.

Самал Жұмалина – мейрамхананың бас аспазшысы.

-Бұл тағамның аты “Шанхай” деп аталады. Мұнда болгар бұрышы бар, сәбіз және брокколи бар мұздатылған. Соның бәрін зәйтүн майына қуырып, біз осындай гарнир әзірледік.

-Жаңа жылға ертерек әзірлену үшін қарбалас жұмысқа қарамастан тұрғындардың бос уақыт тауып дүкен аралайды, тәтті дәмділерін алады. Бұл – кейін көрікті жасыл шыршаның қасында, көгілдір экранның алдында отбасымен немесе дос-жаранмен отырып бүкіл ел қауанышын қызықтап, түнгі 12-де тамаша тілек тілеу үшін мерекелі де берекелі дастархан жаюдың қамы. Осы ретте біз орталық көшеге шығып солтүстікқазақстандытардың да пікірін білуді жөн көрдік. Олардың талғамы қандай, кім қандай тағамды сүйеді? Оны өздерінен сұрап білдік.

Мәселен, Қалима Төлеғұлова мен Әдемі Махамбетқызы Жаңа жылды Қызылжарда қарсы алу үшін Орал қаласынан алғаш рет келіпті. Қала қонақтары да мерекелік дастарқаннан ұлттық тағам – бешбармақты қалыс қалдырмаймыз дейді.

Дүние жүзі Жаңа жылды дүркіретіп тойлап жатқанда, көптің көшінен қалай қалып қоясың. Жылда қарсы алып үйреніп қалған соң, барымызды салып дайындаламыз. Ғажайып лебі сезілгендіктен бе екен, әйтеуір, барша жұртты осы кез біріктіре түсетіндей.

 

 

Данаш Хамзина.