Балалар

“Қазпочта” АҚ СҚОФ “Аяз Атаға хат жаз” акциясын өткізді

Бүгінде жеткіншектердің ата-анасы тірі болса да, бауыр еті балаларын аямай тірі жетім етіп отыр. Қамқорлыққа алған жандардың айтуынша, олар ес білгелі аялы алақанды сезінбей өскен. Жалпыға ортақ мерекелерде олардың көңіліндегі мұңын сейілтіп, бір сәтке де қуаныш сыйлау үшін бүгін 15 баланы жергілікті қазпошта бөлімшесі шақыртып, қолдарынан келгенше мейірім мен жан жылулығын сыйлауға тырысуда. Тимофей Тілеулинов 10 жаста. Ол бүгінде отбасылық үлгідегі балалар ауылында тұрады. Оның туған әкесі мен шешесі ішімдікке салынып кеткен.

Тимофей Тілеулинов, Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі.

-Мен Аяз Атаға хат жазып, компьютеріме колонкалар сұраттым. Ол маған фильм көріп, әуен тыңдау үшін керек. Мен барлығына бақыт, зор денсаулық тілеймін. Жер бетіндегі адамдар ауру-сырқаудан аман болсын!

Вероника Бейбутованың да жағдайы Тимофейдікіне ұқсас. Ол Аяз Атадан әтір, сусабын сынды гигиеналық заттарды сұратыпты. Бүгінгі шараға әдейілеп қазақ тілінде тақпақ жаттап келген.

Вероника Бейбутова, Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі.

-Тамаша, тамаша шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы, көз тоймайды қарасаң.

Кейбір балалар жаңа жыл кейіпкеріне арнап кәде сыйлықтарды өз қолымен жасаған. Оның бәрі шара барысында жұртшылық назарына ұсынылды. Айта кету керек, Казпочта” АҚ “Аяз Атаға хат жаз акциясын алғаш рет өткізуде.

Нұрбек Нәбиев, “Қазпочта” АҚ СҚОФ пиар және жарнамалық маркетинг бөлімінің жетекшісі.

-Шара аясында біз қазпошта бөлімшесіне жәшік орнатттық. Оған өңірдің әр түкпірінен 115 хат келіп түсті. Дені петропавлдықтар. Кейін анықталғандай Аяз Атаға хат жазған кішкентай тұрғындардың біразы тұрмыс жағдай төмен, жетімдер үйінде тәрбиеленетін балалар болып шықты. Біз олардың барлығына қалаған сыйлықтарын табыс еттік. Бірақ кейбіреуі мекен-жайын көрсетпеген, сондықтан біз тиесілі сыйлықтардың иелерін әлі таппй жатырмыз.

Бүгінде отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы 6 жанұяда 50-ге жуық бала мемлекет қамқорлығына алынған. Бүгін соның 15-і Аяз Атаның хаты мен сыйлығын алды.

 

 

Берик Касен.