Қоғам

Пиротехникалық заттарды лицензиясы бар сауда нүктелерінен сатып алу керек

Жаңа жыл мерекесіне екі-үш жұма қалғанда пиротехниканы кез-келген сауда орны мен базарлардың маңынан-ақ, көшелерден сатып алуға болады. Бірақ, тұрғындар олардың қаншалықты қауіпсіз екенінен бейхабар. Ал қала бойынша отшашуды сатуға рұқсат беретін лицензия жалғыз кәсіпкерде ғана бар. Ол Юрий Милешин. Жеке кәсіпкер фейерверктер мен салюттарды лицзензиямен 10 жыл бойы саудалап келеді. Сондықтан ол пиротехникалық құрылғыларды арнайы құжаты бар сауда орындарынан алу қауіпсіз болды дейді.

Юрий Милешин, “Петропавловск-Салют” ЖШС директоры.

-Бұл тауарлар сертификатталған. Және арнайы тексерістен өткен. Негізі қаламыздың кез келген сауда нүткелерінде сатылып жатқан пиротехникалар лицензиясыз саудалануда. Бұл заңға қайшы. Лицензиясы барлар ғана отшашуларды сату құқығына ие.

Кәсіпкер тұтынушыларына от шашудың 80-ге тарта түрін ұсына алады. Бағалары базардағыға қарағанда екі есе арзан. Әрі сапасына кепілдік беріледі. От шашу көлемі мен түрлі түстілігіне қарай және неғұрлым биікке атқылайтындары қымбат болып келеді. Сыртқы қорабында пиротехникалық заттарды қалай қолдану керектігі жайында қазақ және орыс тілдерінде нұсқаулық жазылған. Осыдан тауардың қаншалықты сапалы екенін айыруға болады дейді жеке кәсіпкер.

Юрий Милешин, “Петропавловск-Салют” директоры.

-Пиротехникалардың сыртында қаптамасы болады. Оның нұсқаулығында отшашуларды қалай пайдалану керектігі жазылған. Базарларда сатылатып жатқан заттарда шетелдік жазулармен көрсетілген. Оларды сатуға тиым салынған. Егер пиротехниканы нұсқаулықта көрсетілген ережеге сай пайдаланбаса, арты соқпақты болып жатады. Ал балаларға мұндай заттарды пайдалануға мүлдем болмайды.

Жаңа жыл қарсаңында құтқарушылар сауда орындары мен базарларда рейдтер жүргізеді. Оны барысында заңсыз саудаланған 524 дана пиротехникалық заттар тәркіленді. Оны сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Болат Құсайынов, Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы.

-Өткен жылы пиротехниканың салдарынан бір төтенше жағдай тіркелді. Қызылжар ауданының тұрғыны үйінің шатырында отшашуды дұрыс пайдалана алмауының салдарынан баспананың төбесі жанып кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Сондықтан да барша тұрығндарды өте сақ болу керектігін ескертеміз.

Сондықтан да, мерекені отшашумен қарсы алғыңыз келсе, пиротехникалық заттарды арнайы лицензиясы бар жерден сатып алып, нұсқаулыққа баса назар аударған жөн.

 

 

 

Бану Ахметова.