Спорт

Өңір гимнасттары ерледі

Алина Стрелкова, гимнастикадан БЖСМ-нің тәрбиеленушісі.

-Бұл жеңіс мен үшін оңайға соқты деп айта алмаймын. Мен спорт шеберлігіне үміткер дәрежесін қорғап қалу үшін жыл бойы аянбай еңбектендім. Жоғары нәтиже көрсетіп, жаттықтырушымның үмітін ақтау қамында күніне 4-5 сағаттан жаттықтым.

Астана қаласының ашық чемпионатында Дана Жангазина да бақ сынап, 2-ші орынды еншіледі. Ол қауіпті элементтері бар спорттық гимнастикада сәттілік пен жеңіліс қашан да қатар жүреді дейді.

Дана Жангазина, гимнастикадан БЖСМ-нің тәрбиеленушісі.

-Маған спорттық гимнастиканың көпсайыс бағдарламасында өнер көрсету қиын болмады. Бірақ менің аяғым көлденең діңгектен тайып кетіп, төрешілер менің ұпайымды төмендетіп тастады.

Және өңір қоржынына бір қол медаль түсті. Оны Милана Таран жеңіп алды. Ол жасөспірімдер санаты бойынша үздік үштікке кірді.

Юлия Литвиненко, гимнастикадан БЖСМ-нің аға жаттықтырушысы.

-Қыздарым 7 өңірдің спортшыларымен көпсайыс бағдарламасында жүлделі орынға ілікті. Онда бірден діңгекте түрлі элементтер жасап, аттан және қырлы бел темірден секіру, жоғарыда сальта жасау керек болды. Қыздарым бұл тапсырманы шамалары жеткенше орындады. Менің олардың көрсеткен нәтижесіне көңілім толды.

Жалпы бүгінде БЖСМ-де спорттық гинастикамен 100-ден аса бала айналысады.

 

 

Берик Касен.