Қоғам

Біреуге мереке, біреуге жұмыс

Сондай жандардың бірі жедел басқару орталығының қызметкері Гүлзия Ахметзиянова.Иығына погон таққан соң, азаматша күн – түн демей ауыр жұмысты ерлермен қатар атқарады. Жалпы жылда аталған мереке күндері полиция қызметкерлері күшейтілген режимге көшеді. Себебі олар мейрамда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етулері тиіс. Оның үстіне полицейлер жұмыс қауырт боларын жақсы түсінеді.

Гүльзия Ахметзиянова – СҚО ІІД ЖБО инспектор-новигаторы.

 

-Бұл салада 1996 жылдан бастап еңбек етіп келемін. Ал жедел басқару орталығында жұмыс істеп жүргеніме 6 жыл болды. Құрылғаннан бері осындамын. Мереке күндері қызметке шығу біз үшін үйреншікті жағдайға айналды. Себебі біз тәртіп сақшылары болғандықтан, қала тыныштығына жауап береміз. Бұйрық берілген соң, оны орындауымыз қажет.

Біреулер бір-бірін құттықтап арқа-жарқа болып жатқанда, Ханат Құрманғалиев алыс жолға қамдануда. Автобус жүргізушісінің «Аврора- Транссервис» серіктестігінде қызмет атқарып жүргеніне 16 жылдан астам уақыт болған екен. Осы аралықта бірнеше жаңа жыл мейрамын жолда қарсы алуға тура келді, – дейді азамат.

Ханат Құрманғалиев – «Аврора- Транссервис» ЖШС жүргізушісі.

-Автобусым жаңа. Жаңадай алғам өзім. 7 жыл болды. Жаңа жылда отбасыммен бірге болуға тырысамын. Жағдайлар болды, түнгі сағат 11-де 11-30 да келген. Бүгін мына жерлестерімді автокөлік жүргізушілерін осы келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Барлықтарына денсаулық тілеймін. Уайым- қайғы көрмей жақсылық болсын.

Жаңа жылды жұмыста қарсы алатындардың қатарында ақ халатты абзал жандар да бар. Мереке күндері жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысы қауырт. Яғни бұл кезде науқастардың дәрігерлерге қоңырау шалуы әдеттегіден екі есеге артады екен. Бұл ретте 31-ші желтоқсанда 60 – тан астам медицина маманы Петропавл қаласы тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

Елена Волкова – Облыстық жедел жәрдем қызметі орталығының ауысымдық аға дәрігері.

-Менің медицина саласында еңбек етіп жүргеніме 16 жылдан астам уақыт болды. Осы аралықта талай жаңа жыл мерекесін жұмыс орнымда қарсы алуға тура келді. Жалпы бұл күні бізге тұрғындардан 350-ден астам қоңырау келіп түседі. Барлығына сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз.

Ал Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының әртісі Зарина Уәлиеваның жаңа жылда ақшақар болып, балаларға қуаныш сыйлап жүрегеніне 3 жыл болыпты. Түнгі сағат 12-ден кейін ол кішкентай балғындарға тосын сый жасап, мереке көркін қыздары түседі.

Зарина Уәлиева – С. Мұқанов атынлағы қазақ сазды-драма театарының әртісі.

-Біз әртіс болғандықтан 31 -де жұмыс жасауға тура келеді. Балаларды құттықтап, оларға сыйлықтар таратып, қуанышты сәт сыйлаймыз. Жаңа жылды қалай қарсы аласың жыл солай өтеді деп айтады ғой. Сондықтанда мейлінше жаңа жылды қуанышты, әдемі жақсы тойлауға тырысамыз.

Самат Қайырденұлы – Тілші.

-Міне жаңа жылды жұмыста қарсы алатындардың бірнешеуін ғана тілге тиек еттік. Бұдан бөлек тағы қанша ма! Жалпы енгелі жатқан жаңа 2015 жыл баршамызға құт береке әкелсін. Келер жыл жағымды жаңалықтарға толы болсын дегім келеді.

 

 

Самат Джакупов.