Балалар

Прокурорлар Жаңа жылмен құттықтады

Сұлтан Ачетыров – облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі.

-Маған Жаңа жыл ұнайды. Жақында мен президенттік шыршада болдым. Барлығы көңілді өтті. Маған Сыйлықтар берді. Жаңа жылда Аяз ата баскетбол ойынына арналған форма сыйласа деп тілеймін. Чемпион болуды армандаймын. Барлығын мерекемен құттықтаймын. Денсаулық пен бақыт тілеймін.

Сұлтанның интернатқа келгеніне 4 жылдың жүзі болыпты. Ал “Болашақ” отбасында 8 бен 18 жас аралығында 14 бала тұрады. Олардың көбі бүгінгі жаңа жылдық таңертеңгілікке бармай, келген қонақтарды қарсы алуға қалыпты. Жаңа жылмен балаларды прокуратураның өкілдері құттықтауға келген екен.

Алмас Таев – Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі.

-СҚО-ың прокуратурасы жыл сайын дәстүрлі түрде балаларға сыйлықтар сыйлаймыз. Біз келгенде олар әрдайым қуанады. Балаларды Жаңа жылмен құттықтаймыз.

Жылдағы дәстүрге айналған шараға қонақтар бос қол келмейді екен. Бүгінде олар балаларға арнап тәтті-дәмділер ала келіпті.

Галина Калашникова -облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі.

-Көңіл күйім өте жақсы. Жаңа жылды біз күн санап күттік. Енді оған 2 күн қалды. Сыйлақтарды әкелген прокуратура қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Мен оларға өз жанұямымыздың атынан мол бақыт, ашық аспан және де табыс тілеймін.

Балаларда қонақтарға аранап өз сыйлықтарын әзірлепті.

Бұл үй Жаңа жылдық мерекеге толығымен дайын. Бөлмелер безендіріліп, жасыл шыршаға гирлянды мен ойыншықтар ілінген. 31 желтоқсан кешке барлық отбасы дастархан басына жиналып, Жаңа 2015 жылды қарсы алады.

 

 

Риат Шони.