Қоғам

СҚО әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Зина Байғаскина – Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары.

-Олқылықтың алдын-алу бағытында жұмыстар жүйелі түрде атқарылып тұрады. Мектеп оқушалырмен арнайы кездесулер өткізіледі, мұнымен қоса дінтану сабағы да жүргізіледі. Аудан орталығында бір, ауылдық аймақтарда 10 үгіт насихат тобы жұмыс жасайды. Сондай-ақ арнайы штаб құрылды. Жыл басынан бері оның төрт отырысы өтті.

Бүгінгі күні Шал ақын ауданы тұрғындарының 19 пайызын жастар құрап отыр. Кейінгі ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашу үшін өңірде барлық жағдай жасалған. Бұл бағытта Есіл ауданында да жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Ал бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыста барлығы 250-ден астам материал жарыққа шыққан екен.

Алмаз Файзулин – Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

-Жыл басынан бері жергілікті телеарналардан 68 сюжет шықты. 189-ы материал басылым беттерінде жарық көрді. Мұнымен қоса облыста діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған 22 баннер орнатылды.

Сондай-ақ басқосуда конфессияаралық және этникааралық келісімді нығайту жайы да сөз болды. Жиын соңында аталмыш кеңестің 2015 жылға арналған жоспары бекітілді.

 

 

Самат Джакупов.