Билік

СҚО әкімі Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен БАҚ өкілдерін марапаттады

Сергей Снопков, Петро-Павл соборының настоятельі.

-Мен Қазақстан халқы ассамблеясына 15 жыл мүшелік етудемін. Халықтың мызғымас бірлігін сақтайтын бірегей институттың бастауында Елбасымыз, ардагерлеріміз тұр. Сондықтан біз ассамблеяның қоластындағы жұмысымызды жалғастырып, ел тұтастығын бірігіп сақтауымыз қажет.

Салтанатты жиын барысында өңір жетекшісінің ықыласына әсіресе СҚО-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық саласындағы оң өзгерістерін жақсы қырынан танытып жүрген тілшілерді марапатталды. Олар аймақ жетекшісінің сыйақысы мен дипломына ие болды.

Гүл Нұралина, “Тайынша таңы” газетінің бас редагторы, Тайынша ауданы.

-Шын мәнінде журналистер жаңалықтың жаршысы ғой. Сондықтан да қай жерде жағымды, жағымсыз жаңалық болса біз оның барлығын елге жалпы оқырмандарымызға танытқымыз келіп жүреді.

Кездесу соңында облыс басшысы Ерік Сұлтанов жерлестеріміздің еңбектеріне табыс тіледі.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Баршаңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын. Отбасыларыңызға зор денсаулық, жақсылық, ашық аспан тілеймін.

 

 

 

Берик Касен.