Спорт

Петропавлда алғаш рет “Жаңа жылдық старттар” атты коньки тебуден жарыс өтті

Дмитрий Бабенко – халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

-Осы спорт түрімен айналысатын балалардың қатары толықса, тамаша болар еді. Өзім балалық шағымда конькимен шұғылданған кезімде, жасөспірімдер саны әлдеқайда аз болушы еді.

Бұл дүбірлі додада 8 бен 15 жас аралығындағы 60 конькиші бағын сынауда. Қатысушылардың қатарында Светлана Мальцева да бар. Оның бұл спорт түріне ден қойғанына 6 жыл болған.

Светлана Мальцева – коньки тебуден спорт шебері.

-Мен конькиде сырғанауды кішкентай кезімнен жаныма серік етіп келемін. Барлық жарыстарда тек қана жеңіске талпынамын, жүлделерім де баршылық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үлкен үміт артатын спортшылар біздің өңірде жетерлік. Ендігі кезекте, конькишілерге тиісті жағдайлар жасау қажет.

Сергей Мелехин – коньки тебуден спорт шебері.

-Коньки тебумен шұғылданатын кәсіби спортшыларымызға арнайы жабық мұз айдыны қажет. Қазіргі таңда, бұндай мұз алаңдары тек Астана мен Алматы қалаларында ғана бар. Облыс басшылығы бізді қолдайды деп ойлаймын. Ал біз болсақ, Голландиялық демеушілермен келісіп отырамыз.

Жарыстың қорытындысы бойынша қыздар арасында 11 мен 13 жас аралығыда бірінші орынды Яна Хохлова жеңіп алды. Ал екінші орынға Дарья Хашимова жайғасса, үшінші орынды Елизавета Кутикова еншіледі.

 

 

Сагыныш Маркашева.