Спорт

Биыл 55 солтүстікқазақстандық әлем чемпионатында велосипед спортынан бағын сынаған

Сондай-ақ, Александр Шушемоин да биылғы жетістіктерімен мақтана алады. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қазақстан, Ресей, Румыния елдерінде өткен додадаларда әлем таныған кілең мықтылармен бәсекелесіп, 2-ші орыннан көрінді. Александр Шушемоин қазір Азия чемпионатына әзірлік үстінде. Ол жаңа жылдан кейін Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанбақ. Онда жерлесіміз іріктеуден өтіп, ұлттық құрама сапында Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Александр Шушемоин, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

-Мен барлық жерлестерімізді төрімізден сығалап тұрған жаңа жылмен құттықтаймын. Оларға әр істің бастамасында сәттілік, табыс және ең бастысы денсаулық тілеймін. Біздің команданың құрылғанына 1 жыл толмаса да кәсіби, жоғары категориялық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ биыл Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында өткен жарыста 3 жерлесіміз Азия чемпионы атанды.

Сергей Кручина, СҚО велосипед спорты бойынша бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

-2014 жыл Олег Земляков үшін табысты жыл болды. Ол ел құрамасы атынан әлем чемпионатына қатысты. Азия чемпионатында андерлер арасында күміс медаль еншіледі. Оған қоса Сергей Мальцей, Никита Кабачок республикалық додаларда жүлделі орындарға ілікті. Сонымен бірге Кирилл Вяткин, Александр Овсяников, Богдан Гапотченканың толағай табыстарын атап өткім келеді.

Жалпы биыл 55 солтүстікқазақстандық велоспортшы әлем чемпионатында бабы мен бағын сынаған.

 

 

Берик Касен.