МТРА жаңалықтары

Жеке кәсіпкерлерді тексеру 7,7 пайызға азайған

Айдар Мұқанов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң СҚО бойынша басқармасының бөлiм басшысы.

-Қолданыстағы заңның талаптары ескерілмеуде. Сол себепті біз заңсыз 109 тексерістің алдын алдық. Бұл бағыттағы жұмыстарымызды алдағы уақытта жалғастырамыз. Өйткені заң бәріне бірдей. Оны сақтау керек.

Брифинг барысында мамандар мемлекеттік органдар тарапынан кездесіп жатқан кемшіліктерді мысалға келтірді.

Айдар Мұқанов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң СҚО бойынша басқармасының бөлiм басшысы.

-Биылғы жылы бізбен төтенше жағдайлар департаментінің шағын және орта бизнес субъектілеріне жүргізбек болған тексерісі қабылданбады. Өйткені, мораторий ескерілмеген. Сөйтіп, жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолдануға тура келді.

Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы көпір іспеттес. Сондықтан бизнесмендердің құқтарының бұзылмауына барынша жағдай жасауға тырысады. Ағымдағы жылдың өзінде кәсіпкерлер палатасына 1800 адам көмек сұрай келіпті.

Жеңіс Қазиев, СҚО кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелері бойынша орынбасары.

-Мораторий жарияланғанмен осыны пайдаланып кәсіпкерлер заңды бұзып жатқан жоқ. Керісінше, мәселелер туындаса, біздің көмегімізге жүгінеді. Мәслен, құқықтарын қорғауға қатысты 935 адам хабарласты. Оның ішінде 237 -сі бизнесті қорғауға бағытталған. 169 жағдайда кәсіпкерлер өздерінің құқықтарын қорғай алды.

Бүгінгі күні облыста 24 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері бар.

 

 

 

Бану Ахметова.