Билік

Ұлы Отан соғысының ардагерлері құрметке бөленді

Анна Васянова, ҰОС ардагері, алғашқы тың игеруші.

-2-ші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен мен Украинада 1954 жылға дейін тұрдым. Одан кейін жанұяммен тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға келдім. Кейін осы елде қалып, емдеу мекемелерінде дәрігер болып қызмет еттім.

Бүгінде 95 жасқа келген кейуана 3 ұл мен 6 немеренің әжесі. Майдангерді жаңа жыл қарсаңында елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың атынан облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады. Тұңғыш Президенттің жеке қолтаңбасы қойлыған ашық хатын оқып, жаңа жылдық дастаханға жаятын тәтті-дәмді мен азық-түлік толы себет пен бір құшақ гүл сыйлады.

Осы күні өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Қуанышпай Баймановтың үйінде де болды. Қуанышпай Байманов Белорусь жерін жаудан азат еткен. Осы үшін жерлесімізге Беларуссия республикасының Президенті Александр Лукашенко бірнеше мәрте алғыс хатын да жолдаған екен. Ақсақал “Ұлы Отан соғысының І, ІІ дәрежелі” және “Гермениямен соғысындағы Жеңісі үшін” ордендерімен марапатталған. Ол майдан даласынан оралған соң механизатор, электрик, моторшы міндетін атқарған.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Алдағы жыл отбасыңызға, бала-шағаларыңызға зор денсаулық, жақсылық, қызық-қуаныш әкелсін. Келесі Ұлы жеңістің 70 жылдығына аман-есен жетіңіздер.

Қуанышпай Байманов, ҰОС ардагері.

-Көп жасаңдар. Мен енді батамды берейін.Асың, асың, асыңа береке берсін басыңа. Әр мезгілі болғанда бөденедей жорғалап, қырғауылдай қырғалап, қыдыр ата келсін қасыңа. Денсаулығың зор болсын, достықтарың оң болсын. Қайда бараң жол болсын. Жүрген жеріңе құт-береке, еліңе аманшылық әкелсін. Еліңе жағымды бол, халқыңа қалаулы бол. Аллаһу-әкбар!

Жалпы бүгін өңір жетекшісі 5 солтүстікқазақстандық қарт майдангердің қал-жағдайын біліп, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, жаңа жыл қарсаңында дастарханға базарлық тарту етіп, құшақ толы раушангүл сыйлады.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Біз келесі жылы елімізде тойланатын Ұлы жеңістің 70 жылдық мерейтойына тыңғылықты дайындалып жатырмыз. “Жеңіс” саябағын қайта қалыпқа келтіріп жатырмыз. Солтүстікқазақстандық Кеңес Одағы батырларының құрметіне аллея орнатып жатырмыз. Ескерткіштер дайын болысымен мен сіздерді оның ашылу салтанатына алып барып көрсетемін.

Уақыт өткен сайын соғыс ардагерлерінің қатары сиреп бара жатқаны бәрімізге мәлім. Мәселен, бүгінде СҚО-да 287 қарт майдангер қалған. Үш күн көлемінде олардың барлығы назарсыз қалмайды.

 

 

Берик Касен.