Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары суға кеткен адамды құтқарды

Руслан Қыдырмин – Петропавл қалалық ІІБ жол- патрульдік полициясы батальонының полицейі.

-Хабар түскен жерге жеткенде, мұздан шыға алмай жатқан ер азаматты көрдік. Дереу қосымша патруль шақырттық. Кейін азаматты мұз астынан алып шығып, жедел жәрдемге хабарластық. Олар да тез арада көмекке келді.

Азамат дереу 3-ші қалалық ауруханаға жеткізілді. Кейін анықталғандай, 28 жасар солтүстікқазақстандық Заречный кентінен қалаға қарай бет алған. Жолды қысқарту мақсатында ол өзен арқылы өтпек болыпты. Жағаға енді жетем дегенде, мұз опырылып кеткен. Абырой болғанда ер азамат ол жайында досына ұялы телефон арқылы хабарлап үлгерген. Нақ сол жолдасы полицейлерге төтенше жағдай жайлы хабарлапты.

Владимир Абишев.

-Ойыққа түсіп кеттім. Полиция қызметкерлері мені алып шығып, өмірімді құтқарды.

Айта кеткен жөн, нақ осы Руслан Қыдырмин 2011 жылы да суға кетіп бара жатқан адамның өмірін арашалап қалған.

 

 

Магжан Ахмадина.