Қоғам

Солтсүтікқазақстандық немістер рождество мейрамын атап өтті

Юлия Гонтарь – СҚО “Видергебурт” неміс мәдениеті орталығының әлеуметтік жұмыстарды үйлестірушісі.

-Жыл сайын Қазақстан Халқы Ассамблеясының қабырғасында “Видергебург” неміс мәдениеті орталығы рождествоны тойлайды. Рождество бұл отбасылық мереке. Мейрамда кішкентай балалар сыйлықтар алу үшін Вайнехцманды, яғни аяз атаны күтеді.

Кішкентай балғындар сахнада түрлі билер билеп, неміс тілінде ән шырқауда.

Концерттік бағдарламаны тамашалап отырған жұрт балғындарың өнеріне тәмсануда.

Любовь Литвиненко – СҚО “Видергебурт” неміс мәдениеті орталығының белсендісі.

-Бүгін рождество мейрамын әлемдегі барлық католиктер тойлауда. Ол думаннан бізде шет қалған жоқпыз. Барлығымыз, балаларымызбен бірге бұл күні қуанышқа бөленудеміз. Қазақстанда тұрып жатқан немістердің осылай өзге ұлттар секілді өз мейрамдарын тойлауына мүмкіндік бар екеніне ризамыз. Және де барлық католиктерді рождествомен құттықтаймын.

Жалпы мерекені атап өтуге 40-тан аса неміс ұлтының өкілі келді.

 

 

 

Риат Шони.