Спорт

“Мен чемпионмын” балалар спорттық жобасының келесі кезеңіне іріктеу өтті

Евгений Сазанов – СҚО әкімдігінің “Муниципалдық телеарнасы” ЖШС директоры.

-Біз ойындарға толығымен дайындық шараларын жүргіздік. Бұл жобаны ары қарай дамыту үшін қор құрылды. Сонымен қатар ойын өтетін әр мектепке спорттық жарақтар алдық. Қатысатын команда мүшелеріне демеуші мен ойынның логотипі бар бас киім және де жейде сыйланады. Төрешілерге де арнап сары түсті жейде беріледі.

6 қаңтар басталатын қалалық және де аудандық ойындарға барлығы 1572 оқушы қатысады. Облыс орталығында командалардың саны 36. Олар 12-ден 3 зонаға бөлініп, “Мен чемпионмын” балалар спорттық жобасының финалдық кезеңіне кім өтетінін анықтайтын болады. Ал аудандық командаларда іріктеу болмайды. Олар қарсыластарды бірінші кезеңдегі ойындарда жинаған ұпайлармен анықтайды. Сонымен қатар “Мен чемпионмын” балалар спорттық жобасын жоғары деңгейде өткізуге “Зенченко және К” командиттік серіктестігі, АКС компаниясы мен “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы ат салыспақ.

Инна Мокрушина – “АКС” компаниясының баспасөз хатшысы.

-“АКС” компаниясы ұялы телефондарға арналған сәнді аксессуарларды сатумен айналысады. “Мен чемпионмын” жобасы бізді қызықтырды. Өйткені ол өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Болашақта осы жобаның арқасында олимпиада чемпионы шығуы да әбден мүмкін. Сондықтан, жобаны қолдауға ат салысып жатырмыз.

Мен чемпионмын” балалар спорттық жобасының екінші кезеңі қаңтардың 6-сы мен 9 аралығында өтеді.

 

 

Риат Шони.