Балалар

Қала әкімінің жаңажылдық шырша мерекесі өтті

Шыршаға келген балаларды Перопавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов құттықтады.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі.

-Жаңа жылға арналған мерекеге қатысушылар, сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа жылмен құтықтаймын. Жаңа жыл – жақсы көретін сүйікті мереке. Сондықтан, Жаңа жылда сіздерге оқуда, өмірде үлкен жетістіктерге жетуге тілектеспіз. Жаңа жыл жаңа қуаныш, жаңа бақыт әкелсін.

Кештің кішкентай қонақтары өз кезегінде ұйымдастырылған мереке үшін қала басшысына алғыстарын айтып, сыйлықтарын тарту етті. Кейін балалар Аяз ата мен Қарша қызды қарсы алып, жасыл шырша шамдарын жағу рәсіміне куә болды.

Аяз ата мен әкім шыршаны жандырады.

Қалалық мәдениет үйінің әртістері де балалар үшін көп қызықты шаралар әзірлеген екен. Түрлі ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген жеткіншектер әртістермен бірге би билеп, ойын ойнады, шыршаны айнала ән салды.