Қоғам

Өңірдегі экологиялық жағдай

Самат Темірбаева- облыс прокурорының көмекшісі.

-Рұқсат етілмеген қоқыс орындары ең алдымен экологияға кесірін тигізеді. Қоқыс төгетін орындар болған күннің өзінде де олардың көбі талаптарға сай емес. Қалдықтарды өлшейтін таразылар жоқ, онымен қоса қоқыстар бөлек тасталмайды.

СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қабиден Сәдуақасовтың айтуынша, заңды түрде қоқыс алаңын ашу үшін көп қаржы қажет. Қағазбастылықты былай қойғанда, жер учаскесін алуда да қиындықтар туындайтын көрінеді. Сондықтан көпшілік кәсіпкерлердің бұған жүрегі дауаламайды.

Қабиден Сәдуақасов- СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

-Санитарлық талаптарға сай келетін қоқыс алаңын ашу үшін біраз қаржы қажет. Бұл мақсатқа арналған бір гектар жердің өзі 312 мың теңге тұрады. Түрлі сараптамаларды өтіп, эмиссияға рұқсат алу керек. Осының барлығына 3 млн теңгеден астам қаржы кетеді.

Жылына өңірде 400 мың тонна қоқыс жиылады екен. Ал олардың экологиялық талаптарға сай болуын жергілікті билік өкілдері қадағайлайды. Бірақ прокуратура мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі бұл бағыттағы заңнаманың толық сақталмайтынын анықтаған. Кездесу соңында қадағалаушы орган өкілдері заңбұзушылықтардың алдан алу жөнінде тиісті ведомства басшыларына ұсыныс жасады.

 

 

Магжан Ахмадина.