Денсаулық сақтау

Биылғы жылы денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктер

Рашида Иванова- СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

-2014 жылы Ұлттық скринингтік бағдарлама аясында 500 мыңнан астам солтүстікқазақстандық 9 көрсеткіш бойынша тексеруден өткен. 9 мыңнана астам ауру анықталып, солардың 78 пайызы емделген. Аталмыш шаралар әлі де болса жалғасын табуда. Туберкулез бойынша өңірдегі жағдай бірқалыпты. Қатерлі дерттен қаза тапқандардың көрсеткіші- 28,7 ал қан айналым жүйесі ауруларынан көз жұмғандардың саны- 29,2 пайызға төмендеген.

Жалпы жыл басынан бері өңір кардиохирургтары 600- ден астам адамға ота жасапты. Олардың 230-ы ашық жүрекке жасалыпты. Мұның барлығы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қомақты қаражаттың арқасы дейді мамандар. Өтйкені тек биылғы жылы ғана емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын оңалту үшін – 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініпті. Ал «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2012 жылы Есіл, Шал ақын, М.Жұмабаев және Аққайың аудандарында құрылсы басталған 4 емхана биыл халық игілігіне тапсырылды. Олардың әрқайсысына 1,5 млрд теңге қаржы жұмсалды.

Рашида Иванова- СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

-Емханалар барлық талаптарға сай. Олардың заманауи қондырғылармен жабдықталуына 500 млн теңге жұмсалды. Жалпы жол картасы бағдарламасы аясында 280 млн теңгеден астам қаржыға 14 медициналық ұйымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгіндері өңірде 181 дәрігер жетіспейді. Жалпы 2014 жылы теріскейге 157 ақ халатты абзал жан келген. Олардың 75-і жас мамандар.

 

 

 

Магжан Ахмадина.