Қоғам

2015 жылдан зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар өседі

Бану Ахметова, тілші.

-2014 жылы зейнетақы 14 пайызға дейін, ал мемлекеттік жәрдемақылар 12 пайызға дейін өскен болатын. Мұндай өзгеріс 1 жылда екі рет орын алды. Жылдың басында зейнетақы 9 пайызға өссе, мемлекеттік жәрдемақы 7 пайызға артқан.

Мысалыға осыған дейін қария 40450 теңге зейнетақы алып келсе, 2015 жылдан ол соммаға 3432 теңге қосылмақ. Осылайша, зейнетақы 43 мың 882 теңге болмақ. Әлеуметтік төлемдердің пайызы да артпақ. Ол ең төменгі күнкөріс минимумы, бір айлық есептік көрсеткішке байланысты болады.

Гүлбақыт Манабаева,СҚО бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бөлім басшысы.

-2015 жылдың бірінші қаңтарынан зейнетақы 9 пайызға көтеріледі. Асыраушысынан айырылған, жұмыс қабілеттілігі жоқ жандарға төленетін жәрдемақы 7 пайызға өседі.

Мүгедек баланы асырап отырған отбасыларына төленетін жәрдемақы шашамен 22433 теңге болмақ.

Гүлбақыт Манабаева,СҚО бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бөлім басшысы.

-Сонымен қатар үкімет қаулысына сәйкес барлық әлеуметтік төлемдер көтеріледі.

Жалпы облысымызда 95 мыңнан астам зейнеткер бар.

 

 

Бану Ахметова.