Балалар

2014 жылы Петропавл қаласында 407 жеткіншек балабақшаға барды

Жазира Молдағалиева.

-Ұлым мен қызыма бұл балабақшадан 2 орын льготтық кезекпен ұсынылды. Өйткені жұбайым әскери адам. Балаларым қуанып жүр. Оларға балабақшаға келген ұнайды.

Биыл “Ивушка” балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аумағы біршама кеңейді. Соның арқасында қазіргі 230-ға жуық балғын мектепке дейінгі тәрбие мен білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Гүлмира Каримова, Перопавл қалалық білім бөлімінің басшысы.

-Алдыңғы жылдары бұл балабақша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің пайдалануында болған. Бүгінде ол қала меншігіне өтіп, 150 млн теңгеге нысанға толығымен күрделі жөндеуден өтті.

Жалпы кеңейтілген балабақшада 13 топ құрылды. Оның 3-уі қазақ, қалғаны орыс тіліндегі топтар. Алдағы уақытта осындағы мамандар тілі шала жетілген балалармен де жұмыс істейтін болады. Ол үшін мекеме қабырғасында инклюзивті әдіс бойынша оқытатын қосымша 2 топ құрылмақ.

Тұрсан Дайрабаева, “Ивушка” балабақшасының меңгерушісі.

-Балабақшамыз кеңейіп бізге тағы 10 топ қосылды. Енді бізде барлығы 300-ге жуық балғын тәрбие алатын болады. Біздегі штаттағы қызметкерлердің саны 95. Оның 26-сы тәрбиеші, 16 педагог. Калғандары логопед, психолог сынды мамандар.

2015 жылы 3 пен 6 жас аралығындағы 1000 баланы мектепке дейінгі білім беру ошақтарымен қамту көзделіп отыр. Жалпы бүгінде Петропавл қаласы бойынша 10 мың бала балабақша кезегінде тұр.

 

 

 

Берик Касен.