МТРА жаңалықтары

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ 9 жыл толды

Манарбек Сагдеев – салымшы

– Мен ұлымның атына тағыда есепшот аштым. Енді соған пәтерге ақша салып жатырмын.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 9 жылдың ішінде 767 отбасыға жаңа пәтердің кілттерін табыстаған. Бүгінде облыстық филиалда 15 мыңға жуық салымшы бар. Ал 2000 адамға тұрғын үй займдары берілген.

Райхан Әбдірахманова – «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры

–  «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Елбасының бастамасымен ашылған. Бұл тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асыратын елдегі бірден-бір қаржы институты. Аталған жүйенің басты ерекшелігі – біздің салымшыларға елдегі ең төменгі ставкамен несие береді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» клиенті «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» тарифтік бағдарламаның біреуін таңдай алады. Ең төмен сыйақы ставкасы «Болашақ» арнайы жинақтау бағдарламасында – 3,5 пайыз көлемінде қарастырылған. Тұрғын үй займы бойынша ең жоғарғы сыйақы ставкасы «Бастау» бағдарламасында белгіленді ол 5 пайызды құрайды.

Петропавл қаласында жыл соңына дейін «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша 45 және 93 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілмек.

Риат Шони.