МТРА жаңалықтары

Католиктер рождество мерекесін тойлауда

Владимир Бубенко- СҚО әкімінің орынбасары

– Барша католик сенімдегілер үшін бүгін ұлы мереке. Сондықтан сіздерді осы күнмен құттықтаймын. Еліміз ынтымақтастық пен халықтар достығының құтты мекені болып саналады. Діни мерекелерді бірлесе қарсы алу бұл сол татулықтың нышаны. Қасиетті мерекелеріңіз құтты болсын.

Мұнда салтанатты литургия басталып, католик дінін ұстанатындар құдайға құлшылық жасап, дұға оқыды.

Дариуш Пашинский, Петропавлдағы рим-католик приходы “Қасиетті Троица” діни бірлестігінің настоятелі

– Иса пайғамбардың нақты туған уақыты күні бүгінге дейін белгісіз. Сондықтан мерекенің тарихы тереңде. Бірақ Иса пайғамбар ең ұзақ түннен кейін туған деген болжам бар. Сол себепті ол жарқын болашақ пен жылулықтың мерекесі.

Рождествоны тойлап, шіркеуге құлшылық жасауға келген тұрғындар бір- бірін мерекемен құттықтап жатты.

– Бүгін барлық әлем католиктері осы мерекені тойлауда. Біз осы күнді ұзақ күттік. Бұл махаббат пен жылулық мейрамы. Сондықтан Рождество баршамызға құтты болсын.

– Еркеше қуанышпен осы мерекені күттік. Енді міне келіп жетті. Сондықтан осы мейрам барлық шыңыраққа құт- береке, ынтымақ әкелсін.

Қасиетті кітапта құдай баласының кедей отбасында дүниеге келгені жазылған. Нәресте құрғақ шөпте өмірге келіпті. Соған орай шіркеуде Иса пайғамбардың тууынан көрініс беретін арнайы орын да жабдықталған.

 

Магжан Ахмадина.