Билік

Есіл ауданында тау кен байыту кешені іске қосылды

Осылайша құрамында алтын бар кенішті өндіру және қайта өңдейтін зауыттың тамырына қан жүгірді. Жаңа кәсіпорын ашылысымен 250 адам екі қолға бір күрек тапты. Олардың басым бөлігін Бұлақ ауылының тұрғындары құрап отыр. Айта кеткен жөн зауыттағы орташа айлық 100 мың теңгені құрайды.

Сейітжан Әбілин – «Әулие Голд Майнинг» ЖШС қызметкері.

– Ауылымызда үлкен кәсіпорын іске қосылып жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Біздерді Степногрск қаласына оқуға жіберіп, концентратшы мамандығын алып, сол бойынша жұмыс істейміз. Бұл кәсіпорынның ауылға көп көмегі тиіп жатыр. Жол мәселесі қиындық туғызытан, қазір ол күн сайын қардан тазаланатан болды.

Еркебұлан Зәкрин – «Әулие Голд Майнинг» ЖШС қызметкері.

– Осыған дейін әрбір жақта жұмыс істегенбіз. Мен құрылыс салсында еңбектенгем. Қазір елге оралдық. Елдің азаматтарына жұмыс басталып жатыр.

Алтын өндірісінің алғашқы кезеңі 5 жылға жоспарланған. Яғни жоба 2019 жылға дейін жүзеге асатын болады. Мұндағы алтынның тереңдігі жер қабатына дейін 6-7 метр, түбі 12 метрдей тереңдікте.

Павел Джулай – «Әулие Голд Майнинг» ЖШС директоры.

– Бұл маңды ғалымдар өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап зерттеген болатын. Осыдан екі жыл бұрын жергілікті басшылықпен келсім-шарт жасастық. Бүгін міне, кәсіпорынымызды кәдеге жараттық. Жылына шамамен 600 мың тонна кенді өңдеуді жоспарлап отырмыз. Жалпы бес жыл ішінде таза 2 тонна алтын өндіреміз деп мақсат қойдық. Жарты жылдың ішінде қажетті қондырғылардың барлығы жеткізілді.

Өңірде үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасының бірінші бес жылдығы оңтайлы жүзеге асты. Енді келесі бес жылдықта ашылатын жобалар 2 есеге артпақ.
Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Өңірде индустрияландыру картасының бірінші бес жылдығына 31 жоба енген. Соның бірі осы «Әулие Гол Майнинг» компаниясы. Жаз айында қолға алынып, желтоқсан айында іске қосып жатырмыз. Инвестиция көлемі 2,7 миллиард теңге. Келесі екінші бес жылдыққа біз 70-тен астам жобаны қарастырып жатырмыз. Оның құны үш есеге артық. Яғни 100 миллардтан асады.

Айта кету керек алтын, Бұлақ ауылы маңынан 400 гектар аумақтан табылып отыр.

Джакупов Самат.